Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2017

Солтүстік Қазақстанға шетелден препараттар жеткізіледі

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланды орталық қауымдастығы өкілдігінің мамандары Қызылжар өңірінің  дәрігерлерімен кездесіп,  туберкулезге қарсы қолданылатын жаңа медициналық препараттардың тиімділігі туралы әңгімелеп берді.

Солтүстік Қазақстанға шетелден препараттар жеткізіледі

Олар науқасты санаулы күндердің ішінде емдеп жазатын дәрі-дәрмек түрлерін ұсынды. Құрт аурына  шалдыққандар бұрынғыдай  20 ай емес, енді 1 жыл ішінде сауыға алатын көрінеді.

«2018 жылдан бастап  дәріге төзімді туберкулез түріне қарсы  емдеу шаралары енгізіледі. Осылайша осы ауру түрін қысқа мерзім ішінде жазып шығу мүмкіндігі  табылып отыр», дейді облыстық туберкулеге қарсы диспансердің  дәрігер-фтизиаторы Динара Кәрменова.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары  Раиса Құсайынованың сөзіне қарағанда  Нидерланды препараттары халықаралық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған медициналық  дәрі-дәрмек тізіміне енгізілген.

Облыста  эпидимиологиялық жағдай бірқалыпты. Аталмыш дертке шалдығушылардың саны жыл сайын 7 пайызға кеміп келеді. Былтыр облыстық туберкулезге қарсы диспансерде  413 науқас  есепке алынса, биыл 370-ті құрап отыр

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы