Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018

Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері

565 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азаматтарды жұмыс­пен қамту өте өзекті мә­се­ле. Мемлекет ба­с­шы­­­сы­­­ның қолдауымен нәти­желі жұмыс­пен қамту, әлеу­меттік жұмыс орын­­дары, бос жұмыс орын­да­рының жәрмеңкесі, қысқа мерзімді оқыту сияқты көптеген жобалар мен бағ­дарламалар жүзеге асы­рылып келеді. Бұл елі­міздегі жұмыссыздық мәселесін біртіндеп шешуге сеп­теседі. Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан об­­лыс­­тарында қысқа мер­зім­ді оқудан өт­кен­дер­дің 87 пайызға дейінгі шо­ғыры жұмысқа орналас­ты. Ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында тұрғындардың жұ­мыс­қа орналасу дең­ге­йі төмен. Сондай-ақ Ұлт­тық кәсіпкерлік па­ла­тасының баста­ма­сы­мен кәсіпкерлікке баулу, қолдау және несиелеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері

Тиісті ве­­­дом­ство­лардың мәлім­деу­інше, биыл жұмыссыз жә­не өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтар арасында «Бастау-Биз­нес» бағ­дарламасына қа­ты­су­шы­ларды екі есеге артты­ру жоспарлануда. Бұл шағын несие алуға үміт­керлер санын 11 мың­ға, ал берілетін несие кө­ле­мін 40 млрд теңгеге дей­ін арттыруы мүмкін. Аза­маттардың ең­бекке бей­ім­ділігін артты­ру үшін бар­лық өңір­­лерде жұмыс беру­ші­л­ер бос орындар жәр­мең­кесін өткізіп тұрады. Нә­тижесінде, жұмыс кү­ші артық өңірлерден 2 мыңнан астам отбасы сол­түстік аймақтарға өз ер­кі­мен қоныс аударуға ниет білдірді. Сондықтан биыл аймақтардағы қо­­ныс аудару квотасын 5 есе ұлғайту жоспарлану­да. Бұл ша­ма­­мен 7 мың адам­ды құрайды.

Халықаралық статис­тика әдіс­те­месіне сәйкес, жұ­мыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адам­дар тобы, ал өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтар жұмыс берушілердің ең­бекақы төленбейтін жұмыскерлері қа­тарындағы жеке тұлға­лар болып табы­лады. Би­ыл Жол картасының бір бөлігі ретінде өзін-өзі жұмыс­пен қам­тыған азаматтарды ресімдеу бойынша ауқымды жұмыстар басталады. Осы­ған байланысты, бағдарламаның не­гізгі көрсеткіштерін айқындау және оның орындалуына мониторинг жүргізу тә­сіл­дері өзгермек. Яғни «тіркелмеген жұ­мыс­­сыздар» және «нәти­же­сіз жұмыспен қам­тыл­ғандарды» анықтау жұ­мыс­тары жүр­гізілді. Еске сала кету керек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде тіркеу үшін үй-үйді аралауда көп­теген жұмыс атқарылды. Енді осы са­нат­тағы деректер базасын есепке ала оты­рып, бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтарды тартудың жеке мо­ниторингі жасалып, оларды бақылау жү­зеге асырылатын болады.

Ерлан САИРОВ,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары, әлеуметтанушы