Пхенчханда кімдерге үміт артамыз?

Биыл қазақстандық спортшылар бірнеше маңызды халықаралық жарыстарға қатысады. Соның ең негізгісі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындары. Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 33 жол­дамаға иелік етті. Негізгі квота қаңтар айындағы жарыс­тарда үлестірілетінін ескерсек, Олимпия ойындарына дейін бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.

Егемен Қазақстан
01.01.2018 6386
2

Қысқы Олимпия ойындарына (ҚОО) Тәуелсіз мемлекет ретінде 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келе жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы биыл реттік сан бойынша ақ қар, көк мұз үс­тінде өтетін аламанға жетінші рет қатыспақ. Бұған дейінгі ал­ты Олим­пия ойындарында еліміздің спортшылары жеті медаль жеңіп алған. Тарқатып айтар болсақ, 1994 жылы Норвегияның Лиллехамер қаласында өт­кен төрт жылдықтың басты бә­секе­сінде шаңғышы – Владимир Смирновтың жалғыз өзі бір ал­тын және екі күміс медаль иеле­ніп, айды аспанға бір-ақ шы­ғарды.

Жапонияның Нагано қала­сында жалауы желбіреген келесі Ақ Олим­пиадада отандастарымыз екі қола медальды қанағат тұтты. Бірін Владимир Смирнов олжаласа, екін­ші қола медальды конькимен жү­гіру спортының өкілі Людмила Прокашева ие­ленді. Мұнан кейінгі екі Олим­пиадада (2002 жыл, Солт-Лейк-Сити (АҚШ), 2006 жыл, Турин (Италия) спортшыларымыз тұ­ғыр биігінен көріне алмай, елге жүлдесіз оралды. Ал 2010 жылы Ванкуверде (Канада) өткен кезекті Олимпиадада күллі Қа­зақ­стан Елена Хрусталеваның (биатлон) күмісін қанағат тұтса, 2014 жылғы Сочи Олим­пиа­дасында Денис Теннің (мәнерлеп сыр­ғанау) жалғыз қоласы Қазақстан құра­масын жүлдесіз қайтудан құт­қа­рып қалды. Міне, Қысқы Олим­пия ойындарында Қазақстан құра­масының спортшылары жүріп өткен қысқаша жолы осындай. Ал би­ылғы Қысқы Олимпия ойындарында қай спортшыларға үміт артамыз? Осы сұрақ төңірегінде аз-кем тоқталып өтсек.

Пхенчханда өтетін Қысқы Олим­пия ойындарында құрама қор­жынына кім медаль салады деп сауал тасталса, 10 адамның тоғызы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен­нің есімін атау­ы мүм­кін. Өйткені ол осыдан төрт жыл бұрынғы Олим­пиада­ның соңғы күндері қола медаль алған еді. Дегенмен, Сочи Олим­пиадасынан елге ақпарат таратқан спорт журналисі Рус­­­лан Меделбектің айтуынша, Тен Пхенч­ханда үздік 10 спортшының қатарына кірсе, Қазақстан үшін де, өзі үшін де үлкен жеңіс екенін айтады. «Әрине, Денис Тен­нің үз­дік үштікке еніп, медаль ал­ғанын қа­лаймын. Бірақ, оның қазіргі бағ­дарламасы тек үздік ондыққа жетсе жақсы нәтиже деп есептеу­ге болады. Егер Олим­­пиадаға дейін ол жаңа бағ­дарлама дайындайтын болса, жүлдегерлер қатарынан көрініп қалуы мүмкін. Оның қазір орындап жүрген бағдарламасынан үздік сегіз бағдарлама бар. Сон­дықтан өз басым Теннен жүл­де күтемін деп айта алмаймын. Ал Элизабет Тұрсынбаеваға келер бол­сақ, оның бағдарламасы тек үздік бестікке ғана жетеді», дейді Р.Меделбек.

Қай спортшыдан нәтиже күту­ге болады деген сұрағымызға Рус­­лан Меделбек фристайлшылар – Юлия Галышева мен Дми­трий Рей­хердтің жүлдеге таласуға мүм­кіндіктері бар еке­­нін айтады. «30-ға толған биат­­лоншы Алексей Пол­тора­нин бір ғажайып болып орда бұзбаса, ол спортшының да жүл­де алуы қиын. Менің болжамым бойынша, бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасы бір ме­даль алуға мүмкіндігі бар. Ол ме­дальға үміткер Галышева мен Рейхердтің бірі», деді ол.

Бұл пікірмен Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирек­циясының өкілі Айдос Рым­құл да келісіп отыр. Оның айтуынша, биылғы Ақ Олимпиадада фристайлшылар бір жүлде алуы мүмкін. «Пхенчханда фристайл құрамасы бір медаль алады деп топшылап отырмын. Галышева кем дегенде қола медальға қол жеткізуге қауқарлы. Басқа спортшыларда үміт аз. Биатлоншылар үздік ТОП-15-тің қатарына ене­тін шығар. Егер конькиші Креч бабында болса, бәлкім ол да жүл­деге таласуына болады. Ме­ніңше, медальды фристайлшылар алады. Рейхердтен де үміт күтуге болар еді, бірақ ол соң­ғы кездері тұрақсыз өнер көр­сетіп жүр. Галышеваның медаль алуы канадалық апалы-сің­лілі қыздардың дайындығына байланысты деп айтар едім. Себебі олардың дайындығы орташа болса да жетіп жатыр, төрешілер сүйреп шығады», дейді А.Рымқұл.

Рас, соңғы уақытта фристайлшылар Юлия Галышева мен Дми­трий Рейхердтің нәтижелері кө­ңіл көншітерлік. Өткен айда Қы­тайдың Secret Garden тау-шаңғы курортында фристайлдан әлем кубогында Галышева мен Рейхерд бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды.

Могул жарысының бірінші күнінде Галышева 77,79 ұпай­мен екінші орын иеленсе, аме­ри­калық спортшы Джелин Кауф 77,90 ұпай жинап, әлем кубо­гының жеңім­пазы атанды. Ал екінші күнгі гранд-финал бәсекесінде Юлия Галы­шева жоғарыдағы қарсыласын арт­қа тастап, алтын медальға қол жет­кізді. Бұл сында америкалық спортшы екінші, канадалық фристайлшы үшінші орын алды. Ерлер арасындағы гранд-фи­налда Дмитрий Рейхерд 84.92 ұпаймен күміс медаль ен­ші­леді. Канадалық Микаэля Кингсбери алтын (85.94), аустриялық  Мэтт Грэхэм (82.96) қо­ла ме­дальды қанағат тұт­ты. Жа­рыс­тың бірінші күнінде Дми­трий Рейхерд 36-шы орыннан кө­­рінген еді.

Биылғы Ақ Олимпиадада басты үмітіміз фристайлшылар болмақ. Олимпиадаға дейін екі спортшымыз төрт әлем кубогына қатысып, дайындықтарын одан әрі шыңдап, Пхенчханға аттанатын болады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

21.09.2018

Жабайы бәсекелестік немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау белең алып барады

21.09.2018

Ректор Мәлік Ғабдуллин

21.09.2018

Парасаттылық пен азаматтықтың өнегесі

21.09.2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

21.09.2018

Антон қарттың айтқандары

21.09.2018

Көшенің сәнін келтіріп...

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу