БҰҰ ҚК мүшелері қазақстандық төрағалықтың бағдарламасын бекітті

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы жұмысының алғашқы күнінде Қауіпсіздік Кеңестің  қаңтар айындағы қызметінің бағдарламасы ұсынылды. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде өткен ҚК мүше елдері тұрақты өкілдерінің қызмет бабындағы таңғы асында жұмыс жоспарының басты тармақтары талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
03.01.2018 7633
2

Дипломаттар қазақстандық төрағалық бағдарламасының сапалы дайындалғанына назар аударды. Атап айтқанда, Ресейдің Тұрақты өкілі Василий Небензя «Кеңес мүшелерінің ішінен Қазақстанды ең жақсы танитын» ресейлік тарап, тарихи фактор мен дәстүрлі қазақстандық-ресейлік өзара тығыз қатынастарды ескере отырып, «қазақстандық делегацияның Кеңес Төрағасы ретіндегі жұмысының сәттілігіне сенімді» екенін білдірді. Ресейлік дипломат 18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін БҰҰ ҚК-нің «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейлі брифингіне Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысатынын хабарлады. АҚШ Тұрақты өкілі Ники Хейли мен Кеңеске мүше басқа елдердің елшілері сенім шаралары арқылы таратпаудың өзекті мәселелерін және Кеңес қызметінің күн тәртібінде Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша министрлер деңгейіндегі пікірталасты қамтитын Қазақстанның қаңтардағы бағдарламасының мазмұндылығы мен қанықтырылғандығын атап өтті.

Сол күні Қазақстан бастамасымен БҰҰ тарихында тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңадан сайланған тұрақты емес алты мүшелері - Кот д’Ивуардың, Экваториялық Гвинеяның, Кувейттің, Нидерландтың, Перу мен Польшаның туларын көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Перудің Сыртқы істер министрі Рикардо Луна қатысты. Бұл рәсім БҰҰ мен ҚК мүше-елдерінің, әлемдік БАҚ, БҰҰ құрылымдарының және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінің анағұрлым санын жинады. Көптеген делегациялардың пікірінше, осы іс-шара БҰҰ-ның жаңа дәстүрінің басы ретінде қалыптасып, қазақстандық төрағалықтың басталуының жарқын «визит картасы» ретінде қабылданды. Бұл қадамның жаңашылдығымен қатар, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің халықаралық проблемаларын шешу бойынша дүниежүзілік қауымдастық алдындағы Кеңестің жаңа мүшелерінің жоғары жауапкершілігін ерекшелейтін оның терең символизмі аталып өтті. Бастама БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақстандық төрағалық мұрасының элементі ретінде қарастырылуда. Мәселен, Экваториялық Гвинея тұрақты өкілінің мәлімдеуінше, оның делегациясы осы дәстүрді бекітіп, келесі жылдың қаңтарында өзінің төрағалығы барысында осы рәсімді қайталайтын болады.

Кеңестің қаңтардағы бағдарламасы ресми түрде ҚК мүшелерінің отырысында бекітілді, одан кейін ол Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың жеке брифингі шеңберінде БҰҰ мүше елдерінің назарына ұсынылды. Кездесуге қатысқан делегациялар Қазақстанды ҚК төрағасы лауазымына орналасуымен құттықтап, алдағы жұмыста табыс тіледі. Бірқатар мемлекеттер, оның ішінде Марокко, Чили, Колумбия мен Тәжікстан қазақстандық тарап өз төрағалығы шеңберінде өткізуге көздеген жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретіндегі Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру мәселелері бойынша іс-шаралардың өзектілігін атап өтті. Қ. Омаров мүше елдердің Қазақстан төрағалығының жұмыс бағдарламасы бойынша көптеген сұрақтарына жауап берді.

Төрағалық етуші елдің тұрақты өкілі Қ. Омаров дәстүрлі баспасөз конференциясы барысында БҰҰ жанында аккредиттелген тілшілерді қазақстандық төрағалықтың басымдықтарымен және де Кеңестің қаңтар айындағы жұмыс бағдарламасымен таныстырды. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен өткізілетін сенім шаралары арқылы таратпау саласындағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар, солардың ішінде Солтүстік Кореядағы, Ирандағы, Палестинадағы ахуал бойынша және де Иерусалим мәртебесі, Мьянмадағы жағдай әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Сирияға, Йемендегі гуманитарлық ахуалға, климаттың өзгеруіне, Қазақстанның «жасыл технологиялар» саласындағы бастамалары мен жасампаздығына қатысты сұрақтар қойылды. Әлемнің Al-Arabiya, The Huffington Post, The Associated Press, Agence France Presse, CBS, FOX News, Nikkei, Mainichi, Fiji TV, Tokyo Shimbun, NHK және басқалары тәрізді жетекші БАҚ-тарының тілшілеріне жаһандық күн тәртібіндегі басты мәселелер бойынша Елбасының бастамалары аясындағы Қазақстанның ұстанымы бойынша нақты жауаптар берілді.

Жалпы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының бірінші жұмыс күні жемісті өтіп, еліміздің және Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық жоғарғы беделін және құрметін тағыда айғақ етті.

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

18.10.2018

Н.Нығматулин Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

18.10.2018

Әбу-Дабиде дзюдодан «Гранд Слэм» турнирі өтеді

18.10.2018

Қытай: жасанды ай - жаңа жарық жүйесі

18.10.2018

Керчьте қаза тапқандар саны 21-ге жетті

18.10.2018

«Кремль кубогында» теннисшілеріміз сәтсіз өнер көрсетті

18.10.2018

Батыс Қазақстан облысында ұстазға ескерткіш орнатылды

18.10.2018

Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры тағайындалды

18.10.2018

Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филиппен кездесті

18.10.2018

Қазақстан ДЭФ рейтингінің үш параметрі бойынша бірінші орынды иеленді

18.10.2018

Алматы «Smart city-2018» Еуропалық форумының ең жоғары марапатына ие болды

18.10.2018

Олжас Ордабаев «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу