Елдің ертеңі бүгінгі қадамымызға байланысты

Қазіргі кезде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр. Бағдарламалық мақала – Президентіміздің көп  жылғы сарабдал саясатындағы ұстанымының жалғасы деп білеміз. 

Егемен Қазақстан
01.01.2018 5883
2

Елбасымыз ұйытқы болған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында алыс-жақын шетелдегі тарихи, мәдени мұралар жинақталғаны белгілі. Сондай-ақ «Халық тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы да әлемдегі түрлі архив қорларындағы Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар дүниелер, маңызды құжаттар, құнды мұралар біршама түгенделіп, елімізге жеткізілді. Ұлт көшбасшысы: «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», – деп атап көрсеткеніндей, бұл мұраларымыз – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың мақтанышы болары сөзсіз. Елбасымыздың игі бастамаларын жүзеге асыру мақсатында Мәскеу, Петербор, Омбы, Орынбор, Ташкент, Қазан, Уфа т.с.с. қалаларға арнайы экспедиция ұйымдастыру қажет деп білеміз. Сол арқылы қазақ тілінде жарық көрген кітаптар мен газет-журналдарды, қорғалған диссертацияларды, Қазақстаннан табылмай жатқан мұраларды түгендеу  керек. Табылған аса маңызды, құнды дүниелерді кітап түрінде ғана емес, мультимедиалық тәсілдермен де шығару қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – дей келіп, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту қажеттігін баса айтты. Осыған байланысты ұлттық кодтың негізі болатын А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, М.Жолдыбаев, А.Байтасов, А.Мамытұлы, Қ.Басымұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов  сынды ғалымдардың бұрын-соңды жариялана қоймаған еңбектерін, тілтанымдық мұрасын түгендеп, жинақтау қажет. Елбасымыз мақаласында «бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аудару» ісін қолға алу, Ұлттық аударма бюросын құру керектігін ескерткен болатын. Бүгінгі таңда аударма ісінде термин, дұрыс, шебер аудару мәселесі әлі де біршама ақсап тұрғаны белгілі. Осыған байланысты терминдерді біріздендіру, дұрыс аудармаға үлгі боларлық дүние ретінде ХХ ғасырдың басында жарық көрген аударма еңбектер (Ә.Бөкейханұлы – география, Қ.Сәтбаев – алгебра, Е.Омаров – гелметри,я физика, М.Жұмабаев – педагогика, Ж.Аймауытов – дидактика, Ф.Ғалымжанов – физика‚ Б.Сәрсенов – геометрия, И.Тұрғанбаев – арифметика, Қ.Кемеңгерұлы – химия, жаратылыстану т.с.с.) шығару қажет. Мұндай еңбектер аудармашылар үшін үлгі болумен қатар сала мамандары, терминолог ғалымдар, оқулық авторлары, жалпы көпшілік үшін де таптырмас дүние болар еді.   

Бұл орайда тағы бір ескерер жайт – осы уақытқа дейін қате кеткен тұстарды реттеп, жүйелеп алу қажет. Мәселен, «удостоверение личности» тіркесінің баламасы «жеке куәлік» емес. «Жеке куәлік» дегенді қазақ тіліне аударсақ, личное удостоверение болады. Дұрысында, жеке куәлік көп. Кез келген куәлік (жүргізуші куәлігі т.б.) иесінің өзіне ғана тиесілі, жеке құжаты. Ал «удостоверение личности» дегеніміз – Қазақстан Республикасының азаматы екенін танытатын, 16 жасқа толғаннан кейін ғана берілетін, адамның жеке басын куәландыратын құжат, паспорттың бір түрі. Паспорт екіге бөлінеді: ел ішінде қолданылатын және шет мемлекеттерге шыққанда қолданылатын құжат. Шетелге шыққанда қолданылатын құжат кез келген жаста беріле береді. Ал ел ішінде қолданылатын құжат Қазақстан Республикасының азаматы 16 жасқа толғанда ғана беріледі. Қытай қазақтары «удостоверение личности» тіркесінің баламасы ретінде «азаматтық куәлік» деп қолданып жүр. Шынтуайтына келгенде, бұл балама құжаттың сипаттамасына дәлірек келеді. Алайда «азаматтық» сөзінің орнына «азамат» деп қана алуға болады. Себебі қазақ тілінің табиғатына сәйкес зат есім басқа зат есімнің алдынан келгенде ешқандай қосымша жалғанбай-ақ анықтауыштық қызмет атқарады (алтын сағат, ағаш қасық т.с.с.). Оның үстіне «азамат» сөзін ер адамдарға ғана қатысты қолданып, әйел адамдарды «азаматша» деп атау да қазақ тілінің табиғатына жат. Қазақ тілінде -ша/-ше жұрнағы кішірейту мәнді қосымшаға жатады (сандықша, көрпеше, қобдиша т.с.с.). Тілімізде ана, әйел, бәйбіше, қарындас, сіңлі т.с.с. әйел адамдарға ғана қатысты қолданыстар болғанмен, ол жалпылық сипат ала бермейді. Сол себепті мәжіліс төрағасы, аға ғылыми қызметкер т.с.с. тіркестер қалыптасқан. Осы тұрғыдан алғанда, «удостоверение личности» тіркесінің баламасы ретінде «азамат куәлігі» деп алсақ, тіліміздің табиғатына да сәйкес келер еді әрі құжатты дәл сипаттар еді. Латын әліпбиіне көшкен соң тіліміздегі қате қолданыстарды реттестіріп, жүйелеп алу қажеттігі даусыз. Елдігімізді танытатын, Қазақстан Республикасының азаматы екенімізді білдіретін құжаттағы қателіктерді жойып, терминдерімізді, жаңсақ түсініктерді реттестірудің орайы келді деп білеміз.

Калька аударма, қазақ тілінің тіркесім заңдылықтарын түсінбеу салдарынан тілімізде жат қолданыстар көбейіп кетті. Оларға құлаққа сіңіп кеткені соншалық, кейде қате екеніне де мән бермей жатамыз. Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Ғабдуллин С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни­верситеті, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты атауларына байланысты: «Киров атында да, Ленин атында да қа­зақ жоқ, болмайды да. Сондықтан бұл оқу орындары Қазақтың С.М.Киров атындағы, Қазақтың В.И.Ленин атындағы... болып дұрыс аталуы тиіс», – деген еді. Расында да, жоғары оқу орындарының атауларында қазақ тілінің заңды­лық­тарына жат, қате оралымдар көп. Оларды сәйкес­тендіріп, бірізден­діретін уақыт келді деп есептейміз. Әсі­ресе Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті ата­у­ын­­дағы мемлекеттік қыздар тір­кесі құлаққа түрпідей тиеді, еріксіз «мемлекеттік қыз, мем­лекеттік емес қыз деген кімдер?» деген сұрақ ойға келеді.

Тіл тазалығына ерекше мән берген профессор Х.Нұрмұқанов 8 нау­рызға қатысты: «Әйелдердің халы­қ­а­ралық «сорты» жоқ. Сондықтан 8 наурызды «Әйелдердің халық­аралық күні» деп дұрыс сипат­таға­нымыз жөн», – деген еді. Бүгінгі таңда 8 наурызды жас та, кәрі де тойлайтындықтан, «Арулар күні» деп атаған жөн болар еді деп ойлаймыз. Себебі балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндерге топтағы балалардың «халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!» дегенінен гөрі «Арулар күнімен құттықтаймыз!» дегені әлдеқайда жағымды, әсерлі болар еді. Бүлдіршін қыз бой жетіп, ару болуды қалайды. Жасы егде тартқан әйел де  өзін ару сезінсе, ренжи қоймас еді.

Бұл жерде орыс тіліндегі нұсқасы – «Международный женский день» – дұрыс қолданыс әрі тілдерінің табиғатына, дүниетанымына сай келеді. Себебі орыс тілінде зат есім атаулы мужской, женский, средний род болып үш топқа жіктеледі. Сол себепті женский сөзі олар үшін жалпылық сипат алған. Ал қазақ дүниетанымында жас ерекшелігіне қарай түрліше атау берілген: бөбек, нәресте, сәби, бүлдіршін, балдырған, қыз бала, бойжеткен, ару, бикеш, қалыңдық; келін, келіншек, бибі , жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, апа, әже, кейуана, кемпір т.с.с. Ендеше, Ғабит Мүсіреповтің «Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады» деген сөзін әрдайым жадымызда ұстап, сөз қолданысымызға мән беруіміз қажет.

 Жазу тарихы тілдің тарихымен, ұлттың тағдырымен тығыз байланысты. Елбасымыздың бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, елдің талқысына, ғалымдардың кеңесіне салуының өзіндік мәні бар. 1920-2020 жыл аралығында қазаққа тән дүниелер араб, латын, орыс графикасында жарық көрді. Осыған байланысты мектеп бағдарламаларына «Жазу тарихы» атты пән енгізілгені дұрыс болар еді. Сонда жазу алмасса да, қазақ тілінде жазылған мұраларымызды емін-еркін оқи берер едік деп ойлаймын. 2007 жылы Ташкентке іссапармен барып, кітапханаларында отырғанымызда студенттер физикаға қатысты еңбектерді сұрап келді. Кітапханашы латын графикасымен жазылған кітаптар қолда екенін ескертіп, орыс жазуымен жазылған өзбек тіліндегі кітаптар бар екенін айтты. Сонда студенттер: «Біз орысша түсінбейміз, өзбек тіліндегі кітаптар ғана керек еді», – деп кетіп қалғаны есімізде. Шынтуайтында, ол кітаптардың бәрі өзбек тілінде жазылғанмен, екі түрлі графикамен таңбалануына байланысты бұрынғы кітаптар студенттер үшін жарамсыз болып тұр. Сол себепті мектепке қазақ тілінің жазу тарихына қатысты пән енгізілсе, оқушылардың тарихқа қызығушылығы оянып, өз бетінше ізденуіне жол ашылар еді. Елдің ертеңі бүгінгі қадамдарымызға байланысты болатыны сөзсіз. Ендеше, Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Қазақстанның  болашағы – қазақ тілінде» деген сөзін қаперімізден шығармай, қазақ тілі ұлттардың басын біріктіретін, ұйыстыратын тіл болуы үшін атсалысуымыз қажет.

Орынай Жұбаева,

филология ғылымдарының докторы,                                 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу