Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018

Сан мен сапа бірлігі

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе аймағында «Нұр Отан» партиясының облыстық фи­­лиалы қолға алынған іс-шара­лар­дың нәтижелі болуына баса назар аударып келеді. 

Сан мен сапа бірлігі

Пар­тия мүшелері қоғамдық қа­был­дау­лар кезінде ел-жұртты тол­ған­ды­рып жүрген әлеумет­тік-тұр­мыс­тық мәселелердің ше­­ші­мін табуға ұмтылады. Мұн­­­­дайда уа­­қыт созылып кетсе не­ме­­се бе­ріл­ген уәде, айтылған сөз сол кү­­йінде қалып қойса ең бір­ін­ші­ден партияның абы­ро­йы­­на нұқсан келуі мүмкін. Сон­­дық­­­тан да филиалда сөз бен іс­­тің арасында алшақтық болмауын көздейтін ойлау жүйесі орныққан.

Өңірдегі «Нұр Отан» пар­тия­сы мүшелерінің басым бөлігін экономикалық жағы­нан белсенді қызмет атқара алатындар құрайды. Олардың бәрі де аймақтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүр. Тәуелсіздік таңымен бірге ере келген еркін ойлау жүйесі, қоғам­дық құндылықтарға жаңа­ша көзқарас филиал қыз­меті­нің мазмұн жағынан да, түр жа­ғынан да толыға түсуіне әсерін тигізгені байқалады. Мұн­да­ғы тағы бір оң бағыт – «Нұр Отан­ның» қатарында тек ең ла­йықтылар болуы керек деген ұстанымның үстем түсіп отыр­ғаны. Әрине жыл сайын бел­гілі бір мөлшерде пар­тия мүше­лерінің қатарын толы­қ­тырып отыру керек-ақ. Алай­да бұл тәртіп пен талап оның сапа­лық құрамына әсерін тигізбеуі тиіс.
Елдің ертеңі – жастар. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы баст­амашы болып жүрген ел­дік мәселелерді ертеңгі күнге жал­ғайтын да бүгінгі ұрпақ өкіл­дері. Сондықтан да облыстық филиал партия қатарын жастар есебінен өсіруге көңіл бөліп отыр. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының құрамына жаңадан қабылданған жастардың бірі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­сите­тінің төртінші курс студен­ті Никита Капицын «Нұр Отан» партиясының қатарына қабы­л­дану зор сенім, үлкен жауап­кер­шілік, болашаққа айқын бағдар екенін жеткізді. Ал Шалқар аудандық мұражайы жанындағы бастауыш партия ұйымының төрайымы Нағима Тіленбиева пар­тияның басты тірегі – бас­тауыш ұйымдар, егер мұндағы іс жүйелі жолға қойылса, бұл жағдай тұтастай нұротандықтар жүзеге асыратын сан қырлы бағ­­дарламалардың байыпты әрі баян­ды бола беруіне әсерін тигізеді, дейді.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан» 

АҚТӨБЕ