Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018

Қондырғы қымбат, маман қат

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Нұр Отан" партиясы жергілікті филиалы жанында жұмыс істейтін "Денсаулық сақтау" комиссиясының отырысында медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары қарастырылып, бірқатар міндеттер белгіленді. 

Қондырғы қымбат, маман қат

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының бас ма­­маны Әлия Ораза­ли­на­­ның есебіне қараған­да, «Нә­тижелі жұмыспен қам­ту жә­не жаппай кә­сіп­керлікті да­мыту» бағ­­­дар­ламасы бойын­ша ны­санд­арды жөндеу жұ­мыс­­та­рына 452 миллион, м­а­те­риалдық-техникалық ба­­за­ны нығайтуға 1 милли­ард 225 миллион теңге бө­лінген. 

Нәтижесінде 13 жоба жүзеге асырылып, 20 нысан қалпына келтірілген. 21 санитарлық, 5 жеңіл көлік, 136 бірлік ме­дициналық құрал-жаб­дық­тар сатып алынған. Кар­диологиялық орталық кар­тографиялау және элек­тро­­физиологиялық жү­йе­­леу аппараттарымен, шалғай елді мекендер ЭКГ құрылғыларымен то­лыққан. 

Алайда тындырылған істерге қарамастан, отырыс­та орын алған бірқатар ол­қы­лықтар да атап өтілді. Облыстық мәслихаттың депутаты, комиссия жетекшісі Юрий Белоногтың айтуынша, Қызылжар аудандық орталық ауруханасына жөндеу шараларының гра­фиктен кешеуілдеуі бай­қалған. Осы ауданда 2016 жылы әкелінген меди­ци­налық жабдық арада бір жыл өткен соң ғана іске қо­сылған. Бірінші қалалық ау­ру­ханаға 40 миллион тең­генің УЗИ аппараты ор­­на­тылғанымен, толық қу­атында жұмыс істемейді. Ба­ғасы қымбат. Одан екі есе арзанын алуға болатыны ескерілмеген. 

Емдеу мекемелерінің өкіл­дері мамандардың же­тіспеушілігін, тап­шы­лығын қанша алға тартса да, бұл уәжбен келіс­пе­ген комиссия мүшелері мен халық қалаулылары кемшіліктерді шұғыл түзетуді талап етті. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы