Oceanman марафонына қатысқан алғашқы қазақ қызы – Айна

Кейде қарапайым кейіпкеріңнің бір бойынан табылатын түрлі қабілет, қасиет, көрікті көлемі шектеулі мақалаға сыйғыза алмайтыныңа қынжыласың-дағы, сосын өмірге осыншама құштар жандардың жүргеніне қуанып, амандық болса әлі де оның табыстарына оралатыныңа өзіңді сендіресің.  

Егемен Қазақстан
08.01.2018 18949
2

Ақиқатын айтқанда, Айна­ны бізге тауып берген бала­ларға арналған «Ұлан» газеті. Оның Испанияның Бе­нидорм қаласында өт­кен Oceanman марафонын жүзіп өткен тұң­ғыш қа­зақ қыздарының бірі еке­нін біліп, кейіпкеріне «құ­да түскенімізде» әріп­те­сіміз, газеттің бас редак­то­ры Жұлдыз Әбділда бір­ден қуаттап, басылымда­рында көлемді материал жарияланса да, Айна Дос­ма­хамбетқызының қайы­рымдылық шараларымен ай­налысатындығы, ин­тер­нетте I book you пор­та­­лының негізін қалап, оны он­­лайн­нан оффлайнға кө­шіруге қол жеткізгені, бас­қа да ізденімпаздығы ай­тылмай қалғанын, егер рес­публикалық бас газет осы­ның бәрін қамти алса, құба-құп болар еді дегенді қуана білдірді. Әрине бұл әріп­­тесіміздің бір табысы­мен тоқтап қалмай, тек ал­ға ұм­тылып, айналасына ша­пағатын тигізіп жүрген ару қыз таныла берсін деген адами тілегі еді.

Сонымен жанкештілікпен 5 шақырымнан астам ашық те­ңізде жүзіп, жауыры­ны қақ­пақ­тай жүзгіш жігіт­тер­мен қа­­тар мәреге жеткен қа­­зақ қы­зы Айна Досма­хам­бет­­қызы – Oceanman суда жү­зу марафонына қатысқан ал­­ғашқы қазақ қыз­дарының бірі болып қала бермек.

Сүйкімді саяхатшы, бір­қатар ілкімді жобалардың ав­торы әрі Rumi Group-тің PR директоры Айна да бір кез­­дері журналист болғысы келген. Алайда мұғалімі тілі­нің көркемдігіне көңілі көн­шімей, «сенен журналист шық­пайды» деген сөзі оның өмірін IT саласына бұрып әкетеді. Кейіпкеріміздің жап-жақсы блог жүргізетіндігі осыдан қалса керек.

«Бенидормның қасында Қапшағай бассейн екен ғой»

Бірден айта кету керек, Айна Oceаnman халық­ара­лық марафонына жалғыз қа­тыспағанын, бұл жарыс­та қа­сында Әлішер Шәріпов, Да­нияр Әзімханов, Га­ли­на Әзімханова, Кон­стан­тин Елисеев, Əсия Ера­лы­қызы сынды алғашқы қа­зақ­стандықтар болғанын айтады. Оларға дейін мұндай жа­рысқа тек Ержан Есімханов қатысқан екен. Ол үш рет Oceаnman марафонында жүзіп, бір рет әлем­нің ең қиын марафондық дистанцияларының бірі Гиб­ралтар бұғазын жүзіп өткен болатын.

Oceаnman марафоны деге­німіз – жылына бір­неше рет əлемнің ашық те­ңіздерінде өткізілетін суда жүзу марафоны. Толық Oceаnman – 10 шақырым, жар­тылай Оceаn­man – 5 немесе 5,5 ша­қырым. Жүзуді бала кезінен армандаған Ай­на бес жарым шақырымды бағын­дырған.

Суда жүзген балықтай болуды көксеген біздің қы­зымыз 1-курста ғана бассейн­ге бірінші рет жолы түс­кенін, жүзуді бастапқыда жаттық­ты­ру­шысыз үй­рен­генін айтады.

– Қарасам, көрші жолақта 45 минут бойы тоқтамай бір қыз жүзіп жүр. Соған қарап ішпен жүзуді үйреніп алдым. Кейін білдім, қате үйреніппін. Негізі жүзуді нөлден бастап жаттықтырушымен үйренген жөн. Бірінші курстан соң жүзу осымен тоқтады. 2015 жылы Қазақстанға I Love Running спорт мектебі келді. Олар жар­ты жылдан соң I Love Swimming жүзу мек­тебін ашты (қазір олар I Love Supersport деп аталады). Қуа­на қатыстым. Осында жүзуді қайта үйрендім. Дұ­рыс жүзбесең, ұзаққа малти алмайсың. Бірде-бір сабағын жібермей, 1 шақырымды жүзіп өттім. Испанияның Бенидорм қаласында Oceanman марафоны болады де­генде көзімді жұмдым да ба­рамын дедім. Ол кезде жарты жыл жүзбей кеткенмін.

Бенидорм үшін Айна төрт айлық сабаққа қатысады. Жанын­дағылардың бəрі 5 ша­қы­рымдық Волга өзе­нін не Босфорды жүзіп өт­кендер. Айна да осал емес. Қор­жы­нында алты ай бұ­рынғы бір шақырымы бар. Бірақ қал­ғандары ойланып жүргенде Испанияға барам деп шауып жүрген жалғыз өзі. Марафонға қатыспас бұрын Айна қал­тасынан ақша шығарып Лондонда жүгіретіндерді, Ис­панияда жүзетіндерді түсін­беген. Жүгіргісі келсе, Ал­матының көшелері кең, су десе Қап­шағай тұр деген ойда болатын. Ол сезімді тек қаты­сушы ғана түсінеді екен. Бас­сейнде жүрген бір бөлек, ашық суға барған мүлдем басқа. Еш­қашан жүзбегендей күй кешеді екенсің. Айына бір рет жаттығу Қапшағайда өтеді. Барса, бассейнде ба­лықша жүзіп жүрген қыз он метрді де игере алмайды. «Сөйтсем, Бенидормның қасында Қап­шағай бассейн екен ғой», деп күледі. 3 шақырымды тоқтап жүзген ол «өліп қала жаздадым» дей­ді. Тек сол сəтте ғана «Бенидормды жүзіп өте ала­мын ба?» деген күмəн туа­ды. Сол кезде Ыстықкөлде 4 жəне 2 шақырымды жү­зіп өтуге арналған жарыс ұйым­дастырылады. Ыс­тық­көл­дің суы салқын. Қыр­күйекте барып, суға ая­ғын салғаннан-ақ Айна «жүзбеймін» дейді. Барлығы судан шығып, де­малуға кеткенде жағада бір өзі қалады. Қайтсе де суда жүзбекші бо­лады. 200 метрдей жү­зіп, қатты тоңады. Мына түрі­мен 2 шақырымды қалай бағындыратынын білмей, неде болса ертеңгі күнді күтеді. Келесі күні ішінен «тек буйға (қалқыма белгі) дейін жүзесің» деп дайындалып барады. Ал буйлардың арасы 300-400 метр. Жалпы қашықтықтың екі шақырым екенін ойламауға тырысады. 800 метрге барғанда аяғының саусақтарын сезбей қалады. Тепе-теңдік ұстап тұратын гидрокостюмі де жоқ. Аяғы қимылдамай қалса не шаршаса, суға батып кетемін бе деп қорқады. Бірақ өз-өзіне жігер беріп, ақыры белгіленген қа­шықтықты жүзіп өткен. Ен­ді ол Бенидормды да ба­ғын­дыратынына сенімді болады.

Ашық теңіздегі арпалыс

– Ыстықкөлді жүзіп өт­ке­німді ашық теңіздің не еке­нін білемін деп есептеп, Бенидормға бардым. Сөйт­сем ашық теңізде тол­қын деген сұмдық екен. Сонымен қатар суда медузалар да көп. Көп қатысушыларды ша­ғып алды. Менің қолымнан тек жанап өтті. Сонда да бірнеше минуттай ауырды. Су ə дегеннен-ақ аузымды ойып тастады. Бенидормның жал­ғыз артықшылығы – суы жылы. Ашық теңізге шы­қ­қанда міндетті түрде құт­­қа­рушы буй болуы керек екен. Оған жүзушілер ар­найы тағам не ішетін су салып алады. Со­ны­мен қатар 5 шақы­рымда бір жерде, 10 ша­қырымда екі жерде тамақ беретін қайықтар тұрады. Олар ұзын қармақпен банан түйіршіктері мен су береді. Суда тұрып, ішіп-жеп аласың. Болмаса спорттық гель тамақтарын салып ал­саң болады. Мен олардың еш­қайсысын білмеймін. Ертең жүземіз деген түні супер­­маркетке барып, балалар пюресін жеп алдым. Құтысын жуып, оған су құйып, таңертең буйға жабыстырып қойдым. Ертеңіне теңізде толқын басталды. Аралды ай­налып жүзуіміз керек. Арал бізді қатты тол­қыннан қорғап тұр екен. Бар қиындық аралдың арғы бетінде басталды. Толқын келіп бетіңнен шапалақпен ұрғандай тартып жібереді. Онысы аздай былай да, олай да төңкереді. Əдетте жүзгенде 1-2-3 сол жақ­қа дем аласың, 1-2-3 оң жаққа дем аласың. Ал теңізде қалай болса, солай демалдым. Басында тек оң жақтан демала бергендіктен гидрокостюм мойнымды қажап жіберді.

Бар күшімді салып жүзіп келем. Айналама қарап қоямын. Арал өзгермейді. Əлі бір орында тұрмын. Үрей бойымды алып барады. Сонда кəсіби спортшылардың өзі суға не үшін батып кететінін түсіндім. Үрей ұстамасы ұс­тап қалғандықтан екен. Ол кезде аяқ-қолың істе­мей қалады. Менің де қор­қынышым сол. Өз-өзіме «сен жүзе аласың, сабыр қыл» деп қайталай бердім. Тым болмағанда бес минут демалуға мұрша беруді сұ­рап, Аллаға жалбарындым. Əйтеуір аралды зорға жүзіп өттім. Жағаға дейін әлі үш жарым шақырым бар. Толқынның шапалағынан шаршағаным сонша, дистанцияны тез бітіргім келіп, тамақтанатын қайыққа да тоқтаған жоқпын. Кейде құтқарушы қайықтарға да қарап қоямын, «шақырсам ба» деп. Бірақ, теңізді тас­тап шықпадым. Мəреге бір ша­қырым қалғанда музыка есті­леді. Оның өзі жұбаныш. Бі­рақ көріп тұрған жерге жете алмай кетесің. Жүзіп келе жатып жарысқа бес жүз адамның қатысатынын ойладым. Əдетте екінші, үшінші рет келетіндер көп. «Олардың бəрі ақымақ шығар» деймін. Бірақ тіпті олар үшін де осы марафонды жүзіп өту қиын болыпты.

Белгіленген қашықтықты 3 сағат 13 минутта жүзіп өтіп, жасыл ленталы медаль­ды мойнына таққан соң ғана Айна өзіне риза болады. Жауырыны тоқпақтай жігіттердің мойнынан өзі­ні­кіндей медальды көргенде өзін құрметтей бас­тайды.

«Жұрт менен бəріне қалай үлгеретінімді сұрап жүрсе, мен спортшыларға қа­рап, аузым ашылып жүреді. Спортпен айна­лы­­сатын адамдар басқа­лар­мен салыстырғанда жауап­кершілігі мол, мақсатқа ұмтыл­ғыш, табысты, бір сөзді болады. Əлемде жетістікке жеткен адамдардың бар­лығы дерлік спорттың түр-түрімен ай­налысады. Спорт­шылардың жанында жүре бергің келеді. Тағы байқағаным, спортта мықты төзім керек екен. Бұрын өмір­лік жарым мені жақсы көрсе болды деп ойлайтынмын. Ал қазір оның бір спорт түрімен айналысқанын қалаймын. Көрдіңіз бе? Тіпті талғам өзгерді. Əкеме басқаша қарай бастадым. Əкем Дос Көшім жұмысынан бөлек КСРО шөлдерін кесіп өткен адам. Оның қандай қиындыққа шыдағанын енді ғана ұқтым. Спорт мүлдем бөлек əлем екен», – дейді Айна «Ұлан» газетіне берген сұхбатында.

Қолы ашықтың жолы ашық

Сонымен Айна қайы­рымдылыққа қалай келді?

– 2013 жылы менің туған ағамның баласы бүйректен қатерлі ісікке шалдығып, Баға­нашылдағы балалар онко­логиялық ауруханасына түсті. Осы кезде біз небір жағ­дайға душар болған адамдарды көрдік. Ауқатты адамдар баласы ауырып қалса, бірден шетелге әкетеді. Ал мына тұрған Шымкенттен химиятерапияға келуге ав­тобусқа 4 мың теңге та­ба алмайтындардың барын білдік. Қатерлі ісіктің емдік шараларын бір күн де кешіктіруге болмайды. Сон­дықтан бірнеше бала­қайдың ауруы асқынып, қайтыс болғанын естігенде, бұндай нәрсені енді бол­дыруға болмайды деген ой келді. Балалар онкологиясы болғандықтан ауруханада тек балаларға ғана тамақ беріледі. Оны қарап отыр­ған кей ата-ананың баладан қалғанын жеп отыратын кездері болады. Кейде тіп­ті кір жуатын сабыны да болмай қалады. Қазір ша­ма-шарқымыз келгенше көмекке мұқтаж жандарға қарай­ласып тұрамыз, – дейді суда жүзген балықтай ару.

Айтқандай, бастапқыда Айна қыз құрбысымен ашқан I book you оқылған кітаптар алмасатын платформасына 30 шақты адам хабарласса, үш жылдан кейін онлайннан оффлайн­ға көшкен қызметке жү­гінетіндер саны 200-ге жетті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу