Әлем • 09 Қаңтар, 2018

Ықпалды елдер бәсекелестігі арта түседі

843 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Дүние жүзінде 2018 жы­лы жаһандық маңызы бар бірқатар өзгерістер орын алуы ықтимал. 

Ықпалды елдер бәсекелестігі арта түседі

­Бі­р­ін­шіден, әр сегіз-он жыл­д­а дағ­дарысты басынан өткізетін әлем­дік эконо­мика қи­ын­дық­тар­ға қа­ра­мас­тан өседі. Жуырда са­лық реформа­сы туралы заң қа­был­даған АҚШ экономикасы да нығаяды. Қытай үшін эко­­номикалық реформаларды жүр­гізудің маңызы артып, сыртқы қа­­рыз күн тәртібінде болады. Мұ­най бағасының орташа құны 57 АҚШ доллары көлемінде тұрақ­тап, жылдың алғашқы алты айы үшін өспеуі мүмкін.

Еуропада Ұлыбритания Brexit шеңберінде Еуропадан бөлектену жолында келі­­ссөз­дер өткізумен болса, Гер­мания экономикасы едәуір ны­ғай­ып, Францияның ха­лық­аралық сая­сат­тағы, әсі­ресе Африка мен Таяу Шы­­ғыс­­тағы рөлі арта түсе­ді. Ита­лияда сай­лау бо­латын­дық­тан, экономикаға аз көңіл бө­лінеді. Жалпы, әлемде Бра­зи­лия, Мексика, Үндістан, Ресей, Италия, АҚШ сияқты ірі мемлекеттер, сондай-ақ Мысыр, Ливан, Ирак, Ливия ел­дері пре­зиденттік, пар­ла­мент­тік немесе жер­гілікті сай­лау­лар өткізуге дайында­ла­ды. Сайлаулар аталған елдерді іш­­кі мә­селелерге күш-жігер жұ­м­сауға итер­ме­лейді.

Үндістан Ұлыбритания мен Фран­ция экономикаларын ығыстырып, әлем­­нің ең ірі бесінші экономикасына ай­на­лады.

2018 жылы Д.Трамп, Р.Ердоған, В.Путин сияқты сая­си көшбасшылардың ықпалы азай­майды. Оның себебі, қар­жы дағдарысының әсерлері мен жыл­дам өзгерістерге жауап беретін сая­саттың болмауын­да жатыр. Жалпы, әлем­де по­пулистік ұлтшылдықтың кү­­ше­юімен ережелерге арқа сүйе­ген ашық либерализмнің  ық­палына қауіп төнеді.

Трамп оқшаулану (изоляционизм) және қорғау (протекционизм) саясатының әлемдегі көшбасшысына айналса, Макрон Еуропа одағы мен жаһандану үрдістерін қолдаушылардың басында тұр. 2018 жылы бұл екі негізгі ба­ғытты ұстанатын елдер сая­са­тында қайшылық пен бәсе­ке­лестік болады.

Дегенмен, жуырда қа­был­данған ұлттық қауіп­сіз­дік страте­гиясына сәй­кес АҚШ әлем­дегі экономикалық жә­не әс­кери ықпал үшін өзге кү­­ш-
тер­мен күресуге дайын еке­нін білдіріп, Ресей мен Қы­тай­ды бәсекелес елдер ре­тінде атауы заңды. АҚШ пен Қытай ара­сын­дағы келіссөздерге байла­нысты Сол­түстік Корея­да қа­лыптасқан статус-кво өз­ге­ріп, АҚШ пен Ресей келісімі шең­берінде Таяу Шығыста белгілі дең­гейде қа­дағалауға болатын шартты тұ­рақ­­­ты­лыққа бағытталған жаңа тепе-теңдік орнауы мүмкін.

Таяу Шығыс

2018 жылы Таяу Шығыс пен Израиль әлемдік саясаттың назарында болады. АҚШ аймақтық стратегиясы аясында Иранды дипломатиялық жа­ғынан тежеуді жалғас­ты­­рады. Иракта АҚШ, Сирия­да Ресей­дің ықпалы сақталады деп болжауға болады.  Палес­ти­на мәселесі қайтадан алдыңғы қа­тар­дағы мәселелердің біріне айналып, араб елдері АҚШ-тың Иранға қатысты сая­сатына байланысты прагматизмді бас­шылыққа алған Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ және Катар, Ливан, Хамас ұй­ымы сияқты екі топқа бөлінуі мүмкін. Ай­мақта Иран­ның иде­ологиялық жә­не Мысырдың дип­ломатиялық бел­сенділігі ар­та түседі. Қытай Таяу Шы­ғыс мәселесіне асықпай арала­су сая­са­тын жүргізе береді. Пар­сы шығанағындағы шие­ле­­ніс БАӘ төңірегіне ойысып, Катар дағ­да­рысы күр­де­ле­нуі ықтимал.

Сирия­да­ғы күрдтер АҚШ қол­дау­ы­мен елдің саяси келешегіне қа­тысты Же­нева кездесулеріне қа­тысуы мүм­кін. Күр­дтердің ай­мақ­тағы АҚШ-тың ық­палын сақ­тау үшін маңызы төмен­де­мейді. Сочи кездесулері сәт­­сіз аяқталу ықтималдығы жо­­ғары болғандықтан, Астана бей­біт кездесулерін жоға­ры дип­ломатиялық дең­гей­де жал­ғас­тыру туралы халық­ара­лық ұсы­ныс түсуі ықтимал деп ойлаймыз.

Сарапшылар Ресейдің Сириядағы саяси және эко­но­микалық жағ­дай­лар­ды қал­пына кел­тіру мә­се­лесінде, ақ­парат көз­де­рін­де ай­тыл­ған­дай, үлкен іл­ге­рі­леушілікке қол жет­кізбеуі мүмкіндігін айтады. Сонымен қатар, Сирия мә­се­ле­сінің саяси ас­пек­тіле­рі­не байланыс­ты оппо­зи­ция­ны қол­дайтын күш­­тер­дің пай­­­да­сы­на белгілі дең­гей­де ше­гі­ніс жа­сауы мүмкіндігі де болжануда.

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ,
сарапшы