Ел экономикасының өсімі – 4 пайыз

Бұл Президент тапсырмасының орындалғанын білдіреді

Егемен Қазақстан
12.01.2018 14656
2

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындылары қаралды. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалы жоспар талқыланды. Оған қоса жиында Үкімет басшысы Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру жайында министрлерге нақты тапсырмалар жүктеді. 

Жолдауды жүзеге асыру жоспары талқыланды

Үкімет отырысы Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыру жайындағы тапсырмаларды пысықтаудан басталды. Премьер-Министр Б.Сағынтаев Пре­зи­дент өзінің Жолдауында он негіз­гі мақсатты белгілегенін және олар­дың барлығы жақын болашақта жүзеге асырылуы қажеттігін атап өтті. Біріншіден, индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу тұрғы­сынан Инвестициялар және даму министрлігіне өнімдерді экспорт­тау мен технологияларды трансферттеуге баса назар аудара отырып, отандық кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдар әзірлеу, сондай-ақ бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифр­лау бойынша қанатқақты жобаларды анықтау және оларды іске асыруға кірісу тапсырылды. Ал Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне Назарбаев Университеті, АХҚО және АТ-стар­тап­тардың халық­ара­лық технопаркі базасында цифр­лы және инновациялық шешім­дер әзірлемелерін дамыту бо­йынша венчурлық қаржылан­ды­рудың жеке нарығы қызметі­нің шаралар кешенін жасау және сәйкес заңнамалық түзетулер­ді әзірлеуді қамтамасыз ету қа­жет­тігі ай­тыл­ды. Ең­бек және ха­­лық­ты әлеуметтік қор­ғау минис­­тр­­лігіне әкімдіктермен және мүд­делі ми­­нис­трліктермен жұмыс­кер­лерді жұ­мыстан босату тәуе­кел­дерін ба­ға­лау­ды және жұмыс­тан бо­са­тыл­ған жұмыс­керлер­ді еңбекпен қамту бойынша келі­сіл­ген саясатты анықтауды, жалпы ең­бек ресурстары ағымдары бойын­ша жұмысты жылдамдатуды тапсырды. 

Премьер-Министр еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту бо­йынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ал көлік-логистикалық инфра­құрылымның тиімділігін арттыруға қатысты Инвестициялар және даму министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерімен және «ҚТЖ» АҚ-пен бірге атқарылатын тапсырмалар жүктелді. Заманауи технологияларды құрылысқа және коммуналдық секторға енгізу бойынша Инвестициялар және даму министрлігіне Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ескере отырып, бір айлық мерзімде тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін 2030 жылға қарай 30 шаршы метрге дейін жеткізу бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірге тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаң­ғырту кезінде МЖӘ сәйкес тетігін әзірлеу және оны іске асыру бо­йын­ша шараларды жандандыру тап­сы­рыл­ды. Ал Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі Инвестиция­лар және даму, Ұлттық экономика ми­нис­трлік­терімен және өңірлердің әкімдері­мен бірге ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге барлық көздерден кемінде 100 миллиард теңгені жыл сайын бөлу бо­йынша шаралар қабылдауы қажет. Қаржы секторын «қайта жүктеу» бағыты бойынша Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік орган­дармен бірге қор нарығын одан әрі да­мытуды қамтамасыз ету тапсырылды. «Астана» халықаралық қаржы орта­лығына Қаржы, Ұлттық экономика ми­нистрліктерімен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-пен бірге АХҚО алаңын IPO өткізуге дайындауды қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. «Адами капитал – жаңғырту негізі» бағыты бойынша да білім беру және денсаулық сақтау салаларына, сондай-ақ әлеуметтік блок бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Сонымен қатар Премьер-Министр әліпбиді латын қарпіне көшіру мәселесіне қатысты тапсырма берді. Б.Сағынтаев сол сияқты кәсіпкерлікті дамыту Үкімет жұмысының негізгі ба­сым­дықтарының бірі екенін атап өтті. 

Сондай-ақ Ішкі істер минис­тр­лігі құқық қорғау органдарын ізгілендіру бойынша жұмыс­ты жалғастыруы керек. Әділет ми­нистрлігі Бас прокуратурамен және Жоғарғы сотпен келісе отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, құ­қық үстемдігін қамтамасыз етудің кепілдігін нығайту жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге тиіс.

Қорытындысында Премьер-Ми­нистр Ұлттық экономика ми­нистрлігіне осы жылдың 13 қаңтарында сағат 12.00-ге дейін бекі­тілген заңнамалық тәртіпке сәйкес, Үкіметке «Мемлекет басшы­сының Қазақстан халқына арна­ған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жос­парын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасының Президенті Жар­лығының жобасы туралы» Қазақ­стан Республикасының Үкі­меті қаулысының бекітілген жобасын енгізуді тапсырды. 

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақ­станда денсаулық сақтау инфра­құ­рылымын дамыту бойынша жүр­гізіліп жатқан жұмыстар туралы баян­дады. Мәселені қарау барысында Қа­зақ­стандағы ДДҰ-ның Елдік кеңсесінің басшысы Олег Честнов, Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілі Екатерина Мирошник, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов денсаулық сақтау саласындағы ұсынылған жа­ңа­лықтар туралы пікірлерімен бөлісті. Үкімет ха­лық­­аралық сарапшылардың ұсы­ным­дарын ескере отырып әзірлен­ген денсаулық сақтау инфра­құ­рылымын дамыту мен жаңғыртуға қатысты ұсынылған тәсілдерді мақұлдады.

Меже орындалды

Үкімет отырысында қаралған негізгі мәселе өткен жылғы əлеу­мет­тік-экономикалық даму мен рес­пуб­ликалық бюджеттің атқары­луының алдын ала қорытын­ды­лары. Бұл ретте Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өткен жылы Қазақстан экономикасы өсімнің жаңа қарқынына шық­қанын мәлімдеді. Яғни 2017 жылдың алдын ала қорытын­ды­сына сәйкес ІЖӨ өсімі 4 пайызды құраған. «Өсімнің негізгі қоз­ғаушы күштері сауда сектор­ларында өндірісті кеңейту, инвестициялық белсенділікті арттыру және ішкі сұраныстың біртіндеп қал­пы­на келуі болды. Сыртқы оң жағ­дай­лардың факторлары ретінде мұнай мен металдарға жоғары баға конъюнктурасын, сондай-ақ негізгі сауда серіктестері – ЕО, Ресей жә­не Қытай мемлекеттеріндегі эко­но­микалық жағдайдың жақсаруын айтуға болады», деді министр. 11 айдың қорытындысы бойынша Ресейге экспорттау – 33%-ға, Еу­ропа одағына – 31%-ға, Қытайға 34,9%-ға өскен.

Өндіруші салалардың қарқын­ды өсуіне қарамастан, ІЖӨ-нің өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде шоғырланған. Осылайша ІЖӨ-нің 4% өсімінде шикізаттық емес сектордың үлесі 60%-ды құраған. Тұтастай алғанда, нақты секторда экономиканың барлық салаларында өндірістің синхронды өсімі белгіленген.

«Ең жоғары өсім өнеркәсіпте – 7,1% деңгейінде, көлік саласында – 4,8%, бай­ланыс – 3,3% және саудада 3,2% бай­қалды. Мұнай өндіру көлемінің өсуі есебінен кен өнеркәсібінде озық көр­сеткіштер белгіленді», деді Т.Сүлей­менов. Өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайыздық өсім деңгейін көрсетеді, бұл не­гі­зінен Индустрияландыру кар­та­сындағы жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуда. 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында ИИДМБ арқылы 850 млрд теңгеге 62 жоба қолға алынып, 5,5 мың жұмыс орны ашылған.

Министрдің мәлімдеуінше, елімізде фармацевтика саласы да қарқынды дамып келеді. Оның өнімі 41,8%-ға өскен. Жеңіл өнер­кәсіп 9 инвестициялық жобаны іске қосуға және жүйе құрушы ком­паниялардың қазақстандық қамтуы­ның ұлғаюына байланыс­ты өндірісті 7,3%-ға арттырды. Бұдан өзге, машина жасау саласында 5,6% деңгейінде тұ­рақ­ты өсім белгіленген. Ауыл шаруа­шылығында өсім 2,9%-ды құрады. Оның ішінде, өсімдік шаруа­шылығының өнімі 2,2%-ға, мал шаруашылығы өнімі 3,9%-ға өсті.

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,5%-ға артқан. Инвестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына бағытталған, онда өсім 29,3%-ды құрады, сауда – 21,8%, құрылыс – 11,8%, байланыс – 9,5% және өнеркәсіп 3,8% болды. Өткен жылдың 9 айында Қазақстан 15,7 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартқан, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары көрсеткіш. Жалпы алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 25,1%-ға артып, 69,5 млрд долларға жетті.

Жиында Ұлттық банктің бас­қар­ма төрағасы Данияр Ақышев банк саласындағы қорытындыны жария­лады. Ал республикалық бюджет­тің орындалуының алдын ала қоры­тын­дылары туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

Қорытындысында Премьер-Ми­­нистр Б.Сағынтаев алдын ала мәлі­мет­терге сәйкес, 2017 жылы Мемлекет бас­шысының елдің экономикалық өсімін 4% қамта­масыз ету жөніндегі тап­сыр­масы орындалғанын атап өтті. Са­лалық министрліктер мен өңірлер өз көрсеткіштері бойынша эконо­ми­ка­лық өсімді қамтамасыз етті. Мұн­дай көрсеткіштерге Үкіметтің және әкім­дік­тердің ұйымдасып атқарған жұмыс­тарының нәтижесінде қол жеткізілді. 

Динара БІТІК, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу