Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018

Мәңгілік елдің мәңгілік мектебі

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың асқақ ар­ман­да­­рының алғышарты – тарихи тағ­ды­ры­мыз­дың, соның ішінде өзі бастап, абыроймен алып келе жатқан күрескерлік өлмес ру­хы­мыздың құн­ды­лықтарын кезегімен келіп жа­татын ұрпақ­тар­дың санасына өзіне тән өз­геше тереңдік те­геурінмен жеткізіп, сі­ңіріп отыру екенін бар­лық еңбектерінен сөз­сіз аңғаруға болады.

Мәңгілік елдің мәңгілік мектебі

Ел­басының жаңадан жа­­рық көріп, тарихи жа­ңа кезеңге бастаған «Тәу­елсіздік дәуірі» кі­табында да солай. Өз тарихында тұңғыш тәу­елсіз ел бо­лып Қазақстанның қасқа жолы қа­лай қа­лып­тасты, әлемдік өркениеттің айна­лы­­мына ер­кін еніп, танылды, соған жету жо­лын­дағы ши­рек ғасырлық ғана уақыт ішінде ұлт­тық тұтастық тұрғыдағы төрткүл дүниеге аян салиқалы саяси пәрмен, экономикалық сер­піліс, жасампаз әрекеттердің жиынтығы іс­петтес бұл еңбек.

Тарихты, ең әуелі жасайтын идеялар десек, біздің Елбасымыздың кемел ақыл-ойы, бас­таған ісін аяғына дейін көріп отыра­­тын да­ра қасиеті түптеп келгенде мем­ле­кет құ­ру­дың, оны жедел дамытудың, өз­­г­елерді сөз­сіз мой­ындатудың, Мәңгілік Ел­­­ге бара жатқан жо­лымыздың мәңгілік мек­­­тебі болып шығады. Со­­лай екен, біз за­­манымыздың әлемге аян та­­рихи дара тұл­­ғасының, ол санамызға ор­нық­тырған бей­бітшілікті, қайта түлеген дәс­түр­­ді, бұ­рын-соңды болмаған зияткерлік өр­леу­дің қа­діріне жетуді өзімізбен қоса, келер ұрпақ­та­­рымызға ең аяулы аманат етіп оты­ру­ды па­рыз санау адамдық, азаматтық мін­де­тіміз.

Несіпбек Дәутайұлы, 
жазушы, Қазақстанның 
еңбек сіңірген қайраткері
 
Жамбыл облысы