Қазақстан Республикасының Заңы (12.01.2018)

Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы

Егемен Қазақстан
12.01.2018 3882
2

Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) жәбірленуші құқықтары берілген адам – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленушінің заңды өкілдері мен өкілдері, құқықтық мирасқорлар;
2) Жәбірленушілерге өтемақы қоры – Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
3) өтемақы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбір­ленуші деп танылған адамға осы Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі;
4) регрестік талаптар – прокуратура органдары осы Заңның 11-бабында аталған тұлғаларға қатысты қолданатын, жәбірленушілерге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
2-бап. Қазақстан Республикасының Жәбір­лену­шілерге өтемақы қоры туралы заңнамаcы
1. Қазақстан Республикасының Жәбірлену­шілер­­ге өтемақы қоры туралы заңнамасы Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Конституциясына негізделеді, Қазақ­­­стан Республикасының Қылмыстық, Қылмыс­тық-про­цестік, Қылмыстық-атқару және Бюджет кодекс­­терінен, осы Заңнан және Қазақстан Респуб­лика­сы­ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификация­лаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 
3-бап. Жәбірленушілерге өтемақы төлеудің негізгі қағидаттары
Жәбірленушілерге өтемақы төлеу:
1) заңдылық; 
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
3) қолжетімділік қағидаттарына негізделеді.
4-бап. Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілет­тіктері
Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
1) жәбірленушіге Қазақстан Республикасының Жәбір­­ле­ну­­шілерге өтемақы қоры туралы заңнама­сында бел­гіл­енген тәртіппен өтемақы алу құқығын түсіндіреді;
2) өтемақы тағайындау туралы шешім қабыл­дау үшін қажет ақпаратты сұратады;
3) негіздер болған кезде Қазақстан Республика­сының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы тағайындайды;
4) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін жүргізеді;
5) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін өтемақы тағайындау туралы шешім шығарылғаннан кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ай сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады; 
6) негізсіз төленген өтемақыны қайтару мәсе­ле­лерін реттейтін бірлескен нормативтік құқықтық актіні әзірлейді және бекітеді.
5-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өкілеттіктері
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысаны мен оны ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілі­мі негізінде төлем құжаттарын қалыптас­тырады;
3) Қазақстан Республикасының Жәбірлену­шілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төлеуді жүзеге асырады.

2-тарау. ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірлену­шілер
1. Өтемақы:
1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланыс­ты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі­нің 110 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 120 (үшінші бөлігінің 3) мен 5) тармақтарында және төртінші бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 3) мен 5) тармақтарында және төртінші бөлігінде), 124, 128 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында), 134, 135 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында) және 146 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (бірінші, екінші және үшінші бөлік­терінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасау бөлігінде), 114 (үшінші және төртінші бөлік­терінде), 116 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 118 (екінші және үшінші бөліктерінде), 119 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 120 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ/ЖИТС жұқтыру бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ/ЖИТС жұқтыру бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 141 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 192 (екінші бөлігінің 5) тармағында), 202 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 203 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 277 (бірінші және екінші бөліктерінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 317 (екінші және бесінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 322 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 345 (екінші бөлігінде), 346 (үшінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352 (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 355 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 356 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 358 (үшінші бөлігінде) және 359 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;
3) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленуші құқықтары берілген адамдарға:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі­нің 99, 104, 105 (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бөлігінде), 106 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 116 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 119 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120 (үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 141 (екінші бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 192 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 202 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 203 (үшінші бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 277 (екінші және үшінші бөліктерінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 317 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (абайсызда науқастың өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 344 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352 (адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 353 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 355 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 358 (төртінші және бесінші бөліктерінде) және 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша тағайындалады. 
Осы Заңның 8-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы тағайындалмайды. 
 2. Егер заңдарда және Қазақстан Рес­публикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жәбірленушілер деп танылған кезінен бастап өтемақы алуға құқығы бар.
7-бап. Жәбірленушілерге өтемақы мөлшері 
1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) тармақ­шасында көзделген жағдайларда жәбірлену­шілерге өтемақы мөлшері отыз айлық есептік көрсеткішті құрайды.
2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 2) тармақ­ша­сында көзделген жағдайларда жәбірлену­шілерге өтемақы мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішті құрайды.
3. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақ­шасында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы мөлшері елу айлық есептік көрсеткішті құрайды.
4. Бір адам осы Заңның 6-бабының 1-тармағын­да көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жәбірленуші ретінде таныл­ған жағдайда, өтемақы қылмыстық құқық бұзушы­лықтардың бірінің көп мөлшердегі өтемақысының аз мөлшердегі өтемақыны қамтуы арқылы тағайындалады.
8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі
1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыра­тын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасауға құқылы. 
2. Жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтінішін қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның қарау мерзімі тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.
3. Өтініш берудің ескеру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылды құрайды. 
4. Өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайда, жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары беріл­ген адам Қазақстан Республикасының заңна­ма­сында көзделген тәртіппен өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқылы.
5. Жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтініші бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемле­кеттік орган:
1) көрсетілген өтінішті қарайды;
2) жәбірленушіге не жәбірленуші құқықтары берілген адамға қабылданған шешімге шағым жасау құқығын түсіндіре отырып, өтінішті қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
6. Өтемақы тағайындау туралы не одан бас тарту туралы шешімді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы қабылдайды. 
Өтемақы тағайындау мынадай құжаттар: 
1) жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтініші; 
2) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың не өтемақы алуға жәбірленуші құқықтары берілген адамның жеке басын және құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; 
3) жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер;
4) қылмыстық процесті жүргізетін органның адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі;
5) жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, оның қайтыс болуы туралы куәліктің немесе жәбірленушінің қайтыс болғанын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі негізінде жүргізіледі.
Қайтыс болған адамның барлық отбасы мүшелеріне бір өтемақы төлемі тағайындалады. Бір отбасының мүшесі болып табылатын қайтыс болған әрбір адамға жеке өтемақы төлемі тағайын­далады. 
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды жәбірленуші не жәбірле­нушінің құқықтары берілген адам ұсынады, қажет болған жағдайда ол өзге құжаттарды да ұсынуы мүмкін.
Жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам ұсынған құжаттардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.
Негізсіз өтемақы тағайындағаны және оны алушылардың орталықтандырылған тізіліміне енгізгені үшін қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
7. Мыналар: 
1) осы Заңда көзделген негіздердің болмауы; 
2) өтініш беру мерзімін өткізіп алу;
3) анық емес құжаттарды ұсыну;
4) кінәлі адамның жәбірленушіге келтірілген зиянды толық көлемде өтеуі;
5) қылмыстық процесті жүргізетін органның жәбірленуші ретінде адамның қатысуын тоқтату туралы қаулысы өтемақы тағайындаудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Өтемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешімге жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам Қазақстан Республи­касының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
9-бап. Өтемақы төлеу тәртібі мен мерзімдері 
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтемақы төлеуді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсынған күннен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтемақы алушылардың банктік шотына жүзеге асырады. 
2. Ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, өтемақы төлеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Жәбірлену­шілерге өтемақы қоры қаражаты осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген көздер есебінен толықтырылған кезде жүзеге асырады.

3-тарау. ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІ 

10-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері
1. Салықтық емес түсімдер Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері болып табылады, оларға:
1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар; 
3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;
4) регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер жатады.
2. Сот айыптау үкiмiн шығарған кезде кінәлі адамдардан Жәбірленушілерге өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобы жасаған жағдайда, мәжбүрлі төлем әрбір кінәлі адамнан жеке өндіріп алынады.
Кінәлі адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша шығарылған жағдайда, одан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады. 
3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
4. Жәбірленушілерге өтемақы қорына инкассолық өкімдер шығаруға жол берілмейді.
11-бап. Регрестік талаптар 
1. Жәбірленушілерге өтемақы ретінде төленген ақшаны кінәлі адамдардан өтетіп алу жөніндегі регрестік талаптарды прокуратура органдары сотта мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау шеңберінде қояды.
2. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбір­лену­шілерге төленген ақшаны сот мыналардан да: 
1) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінен; 
2) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушы­лы­ғымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғалардан;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында немесе 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдардан;
4) жәбірленушінің өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар осы Заңның 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға тиіс.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

12-бап. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының Жәбірлену­шілерге өтемақы қоры туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 
Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларын, 2, 3 және 4-тармақтарын және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 5-баптың 2) және 3) тармақшаларын, 6, 7, 8 және 9-баптарды, 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын, 11-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 10 қаңтар
№131-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

18.01.2019

Әліпби де, еміле-ереже де сараптаудан өте түсуі керек - Әлімхан Жүнісбек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу