Әлем • 12 Қаңтар, 2018

Facebook желісінде жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марк Цукерберг әлеуметтік желідегі өз парақшасында Facebook жариялымдарының басымдығы өзгеретінін хабарлады. 

Facebook желісінде жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылады

. Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады. 

"Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан - адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті", - деп жазыпты Марк Цукерберг.  Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.