Қазақстан • 13 Қаңтар, 2018

Қазақстанда орташа жалақы 168 мың теңге болды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы желтоқсан айында жұмыссыз жүрген адамдардың саны 441,8 мың адамды құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.

Қазақстанда орташа жалақы 168 мың теңге болды

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 5%-ын құрады. 2017 жылғы желтоқсан айының соңында жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз жүрген 70,3 мың адамдар саны тіркелді. Бұл дегеніміз - жұмыс күшінің 0,8%-ымен тең.

Бұдан басқа, 2017 жылғы қарашада халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 81 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5% төмен. Сонымен қатар, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстары 8,2% көрсетіп отыр.

Өз кезегінде, 2017 жылғы желтоқсанда қарапайым қызметкердің орташа айлығы - 168,2 мың теңгені құрады.