Аймақтар • 15 Қаңтар, 2018

Өткен жылы Атырауда 2 мың жер телімі берілді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы Атырау қаласы мен қала маңындағы селолық округтерде  тұрғын үй салу үшін екі мыңға жуық учаске берілді.  Бизнес үшін 86  жер  телімі саудаға қойылды,  43  учаске   аукционда сатылды,   деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өткен жылы Атырауда 2 мың жер телімі берілді

Қазір облыста 1998-2004 жылдары өтініш бергендерге жер телімі бөлінуде. ЖТҮ салуға жер учаскесі инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін беріледі. Өткен жылы осы мақсатқа 6 млрд 987 млн теңге бөлінді.

Қала әкімі аппаратының жетекшісі Серік Нысанбаевтың айтуынша, қалалық билік жерлерді қайтаруға жұмыс істеп жатыр.

– Қала әкімі Серік Шапкенов осы мәселеге айрықша назар аударып отыр. Жер мақсатты пайдаланатын адамдарға ғана берілуі керек, - деді Нысанбаев, - қазір пайдаланылмаған жерлерді сот арқылы қайтаруды бастадық, жалпы ауданы 11,7 га үш жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.