Үкімет сағатында сот-сараптама қызметінің мәселелері талқыланды

Бүгін Парламент Мәжілісінде еліміздегі сот-сараптама қызметінің мәселелері жан-жақты талқыланған Үкімет сағаты өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко жетекшілік еткен жиында Әділет министрі Марат Бекетаев негізгі баяндама жасады.

Егемен Қазақстан
15.01.2018 2370
2

Жылдың алғашқы екі жұмыс аптасында ауыл-аймақтарды аралап қайтқан депуттардың алғашқы отырысын ашқан Төраға орынбасары күн тәртібіне шығарылған тақырыптың қоғамдық маңызы жоғары екендігіне назар аударды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында нақтыланған бағыт-бағдар мен оның алдында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды, жоспар-жобаларды өзара қабыстыра отырып жүзеге асыру көзделіп отырғандығын тілге тиек етті. «Өткен жылы «Сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасының жаңа редакциясы қабылданды. Бұл құжат салалық қызметтің кейбір тетіктерін жетілдіріп, түрлі сараптама жүргізудің озық технологиялық жетістіктерін кеңінен қолдануға мүмкіндіктер береді деп санаймыз», деген В.Божко сот-сараптама қызметінде өз деңгейінде орындалмай қалған олқылықтар да бар екендігін атады. «Мәселен, 2013 жылы ел Премьер-министрі бірқатар министрліктерге азаматтар мен сарапшылардың қызметіне қиындық туғызбас үшін мәйітxаналардағы жағдайды тәртіпке келтіруді тапсырғаны белгілі. Алайда, бұл түйін әлі күнге дейін өз деңгейінде шешімін тапқан жоқ. Тіпті, Астана қаласында xалық саны 5 есеге артса да, мәйітxаналар облыстық деңгейде қалып отыр. Алматыда да жағдай мәз емес. Қаржы министрлігі қазіргі заман талаптарына сай мәйітxана салуға қаржы бөлмейді. Ал мекемелер мен әкімдік бір-біріне сілтеп әлек. Сол себепті сот сараптамасын жасайтын құқық қорғау органдары мен сот органдары қиындық көруде. Оған қоса, барлық құқық қорғау органы өңірлердегі бірнеше ауданда сот-медициналық сарапшылардың жоқтығын айтып шағымданады. Тергеушілер мәйітті немесе іс материалдарын 200-500 шақырым жерде орналасқан сот-сараптама бөлімдеріне жіберуге мәжбүр. Бұдан қылмыстық істі тергеу мерзімі созылып кетеді де, осы іс бойынша жүретін адамдар зардап шегеді», деді В.Божко.

Осылай деген Төраға орынбасары қазіргі кезде бұл салаға жауапты Әділет министрлігінің айқындалған міндеті – сот-сараптама қызметін реформалау болып отырғандығын айта келіп, аталған қызмет жайлы егжей-тегжейлі баяндау үшін мінберді Әділет министрі Марат Бекетаевқа ұсынды. Өз кезегінде министр ә дегеннен-ақ, сот-сараптама қызметін әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкестендіріп, жаңғыртылған құқықтық жүйенің басты элементін қалыптастыру мақсаты көзделіп отырғанын жеткізді. Құқықтық мемлекет орнатуда сот сараптамасы институтының рөлі айрықша екендігін алға тартқан министр саладағы бірқатар қиындықтарды жіпке тізді. «Олар сіздерге жақсы мәлім және жүйеге жағымсыз әсер етеді. Айталық, сараптама қорытындысын ұзақ күтуге тура келеді. Сонымен қатар олардың сапасы төмен күйде. Бұл жерде әдеттен тыс жағдай қалыптасады. Сарапшылардың қорытындыларында жиі қарама-қайшы тұжырымдар болады», деді М.Бекетаев.

Жалпы, Қазақстан тәжірибесінде сараптама нәтижелері анықтылық енгізудің орнына қоғамда теріс резонанс тудырған жағдайлар орын алмады деп айта алмаймыз. Осы арада сараптама қызметі істі анықтауға және әділ шешім қабылдауға көмектесуі тиіс десек те, мұндағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары қаупі жағдайды қиындата түседі. Өзінің жеке пайдасы үшін сарапшы пікіріне әсер етуді қалайтындар да жоқ емес.

«Сараптама жүйесі дағдарысының себептері, бір қарағанда, анық сияқты. Бұл – төмен еңбек ақы, әлсіз инфрақұрылым, біліктіліктің төмендігі, кәсіби кадрлардың кетуі. Мұндай мәселелерді шешудің төте жолы ретінде тек қаржыландыруды ұлғайту тетігі таңдалады. Алайда, егер орынды жұмыс істейтін модель болмаса, кез келген қосымша ақша қаражаттары тиімді болмайды», деген Әділет министрі осы мақсатта сот-сараптама қызметінің моделін өзгерту туралы күрделі шешім қабылданғанын айтады. Оның түсіндіруінше, қайта жаңғыртудың мәні – жаңа механизмдерді құру және ескілерін өзгерту болып табылады екен.

Сала мамандарының айтуынша, өткен жылы қабылданған заң қызметтің кәсіби тұрғыда жетілуіне оң әсерін тигізген. Сот сарапшыларының палатасы құрылып, жұмыс істеу тәртібі реттелген. Нәтижесінде, республикалық палата аясына 105 сот сарапшысы бірігіп, еліміздің 7 аймағында филиалдар құрылған. Сонымен қатар кадрлық әлеуетті арттыру үшін арнайы оқу бағдарламалары шеңберінде 40 сарапшы әлемдік деңгейдегі оқу орындарында біліктіліктерін жетілдірген. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, молекулярлы-генетикалық және трасологиялық сот-сараптама зерттеулері, қолтаңбаларды танып-білу, видеофонографиялық, медико-криминалисттік сараптамалар жасау шеберлігін шыңдаудан 170 маман АҚШ, Түркия, Литва сынды елдерге аттанады деп жоспарланған.

Қалай десек те, біздің елдің бүгінгі таңдағы сот-сараптама жүйесі жылжымайтын мүлік қорын жаңартуды қажет етеді. Министр М.Бекетаевтың мәлімдеуінше мәйітхана ғимараттары белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтіні жасырын емес. Министрлік бұл қиындықтарды қолда бар мүмкіндіктер арқылы шешуге тырысуда. Жергілікті әкімдермен кеңесіп босап жатқан объектілерді беру және жаңа ғимараттар салу туралы мәселелер пысықталу үстінде екен. «Тағы бір маңызды түйін – сараптаманың жұмысына қажетті қаражаттардың жыл сайын қысқартылуы. Мысалы, амортизациялық шығыстарға жеткілікті түрде қаржы бөлінбейді. Сондықтан да тозған жабдықтардың мәселесі сол күйінде қалып отыр», деген Марат Бақытжанұлы сот-сараптама қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс келешекте өз жалғасын табатынын айтады. «Әрине, бұл сала еліміздің негізгі стратегиялық құжаттарын жүзеге асыруға негізделетін болады. Осы күні министрлік кезең-кезеңмен енгізілетін реформаға бастама жасады және ол біраз уақытты қажет етеді. Оның айтарлықтай нәтижелерін 4-5 жыл күтуге тура келеді», деді М.Бекетаев.

Жиын барысын қосымша баяндаманы Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жасап, ол саланың бірқатар түйткілді мәселелеріне тоқталды. «Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, бүгінде сот-сараптама қызметі республикамыздағы 175 ауданның 92-інде жоқ екен. Ал барының өзінде қызмет ететін кадрлардың еңбек өтілі 20 жылдан асып жығылады. Сол сияқты олардың қатарын 120-150 мың теңге шамасындағы жалақымен жас мамандармен толықтыру мүмкін емес секілді», деді депутат Н.Әбдіров.

Тақырыпты талқылау барысында депутат М.Айсина, А.Төлешов, Қ.Мусин, А.Тасболатов, С.Абдрхманов, Н.Микаелян сынды халық қалаулылары сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелерді көтеріп, сөз сөйледі. Ал жиын соңында Үкімет сағатының нәтижелері бойынша Үкімет атына тиісті ұсыныстар әзірленді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу