Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Егемен Қазақстан
16.01.2018 207
2

Көркем көрегендік пен парасаттың биігінен толғайтын Шекспирдің ұлы трагедиясының бас кейіпкері Гамлет: «Адам қандай тамаша жаралған! Оның ақыл-ойы қандай ізгі. Іс-әрекеті қандай дәл, қандай тамаша. Әлемнің сұлуы» дегенінен-ақ көп сырды түйсінуге болады.

Италия ойшылы, гуманист жазушы Джованни Пико делла Мирандолдың (1463-1494) «Адамның адамгершілік қасиеттері туралы сөз» дейтін кітабында: «Адамның ғажап, көтеріңкі мақсаты бар, адам сол мақсатына ұмтылады, ол өзінің қалағанына жетуі тиіс! Адамды әлемнің заңдарын түсіну, оның сұлулығын сүю, оның құдіреттілігіне таң қалу үшін құдай жаратты. Адам өз еркімен өсе алады, жетіле алады» деп жазған-ды.

Адам баласына зерек зейін, ерек па-
йым, ұшқырлық, естігіштік, көргіштік, сұңқарлық, алғырлық тән. Ол тумысынан естігенін, көргенін, оқығанын зердеге тоқуы, ішке түюі, миға жүгіртуі, рухын, қайратын жануы қажет. Осы алуандас қабілет-қасиеттер ақыл-ойды толықтырады, тәжірибені молайтады. Үйренгенін, ілім-білімін, ішкі рухани қазынасын ұлы мақсат, ұлы мұрат жолында жұмсауға жұмылдырады.

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Адам баласының дүниедегі іздегені – құт-бере­ке» деп айтқандай, құт-береке дегеніміз – елдік сана, мәдениет, тіл, дәстүр, атакәсіп тә­різді ұлттық-рухани құндылықтар жүйесі – сәулетті қоғамның да, ұлт тұл­ға­сының да, ел бастаушылардың да, «сәу­лелі кісінің де басты сипаты», деді. Осы ретте біздің нарықтық қоғамымыздың ала-құлалығы да жанымызды күйіндіреді, жүй­кемізді тоздырады, шаншудай қада­лады, сағымызды сындырады. Ішіміз қара қазандай қайнағанмен, ұғатын да, ұқ­тыратын да ешкім жоқ. Түрлі-түрлі бастар бар, түрліше көзқарастар мен тағдырлар бар, алуан-алуан тәрбие мен дағды бар. Бұндай көріністер жаһанданудың да кеса­па­тынан болса керек. Осындай ойдың шыр­ғалаң соқпақтарына кезіккенде, бей­дауа көріксіз жәйттерден денең түршіккенде Сәбит Дөнентаевтың: «Қа­зақ» газетінде жарияланған (1914 жыл, 30 қыр­күйек, №80) мына өлеңіне жүгінер едіңіз:

Талай кәрі жорға жүр,

Ақаулы боп зорға жүр.

Іліне алмай жарысқа,

Кейбір жүйрік орда жүр.

 

Кейбір сұңқар тауда жүр,

Томағасы жауда жүр.

Дұшпандары аңдыған.

Тұзақ құрып ауда жүр.

 

Кейбір тырна көкте жүр,

Қиқу салып текке жүр.

Қара қарға қарқылдап,

Өлексені жеп те жүр.

 

Құйрық сорып борсық жүр,

Түлкі мырза жортып жүр.

«Құдай, аман сақта!» - деп,

Қой мен тауық қорқып жүр.

 

Тышқан аңдып мысық жүр,

Алдап көзін қысып жүр.

Ін таба алмай саршұнақ,

Сорлы сасып-пысып жүр.

 

Кей мырзалар серпіп жүр,

Қарыны шығып шертіп жүр.

Мінін айтқан кісіге,

Ашуланып тертіп жүр.

Иә, ақынның өлеңінде сол бір қоғам өміріндегі шындық дәйектілікпен кесте­ле­ніп көрсетілген. Осындай жағымсыз қылықтарға малшынған пысық пасықтар, сасық арамзалар, үзеңгі бауы алты батпан менмендер, ойсыз, жігерсіз, өнерсіз надандар, Абай айтқандай, «сиырдың жорғасы секілденіп, қартайғанда жал­ғыз өзім болсам дейтұғын», «расы жоқ сөзінің, ырысы жоқ өзінің» су жұқ­пас атан­дайын алшаңдаған серкелер, өзі түйе сойса да ешкі сойғаннан дәме­те­тіндер, сегіз кессе сіркедей қаны шық­пайтын безбүйректер, қара судан қай­мақ қалқығандар, жұмыртқадан жүн қырыққандар, сынық ине, сыдырым таспа бермейтіндер, қырық құбылған тұрлаусыз құбақандар қазір де жеткілікті.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» дейтін 2018 жылғы Жолдауындағы: «Соңғы 3 жылда ғана жо­ғары лауазымды шенеуніктер мен мем­­лекеттік компаниялардың басшыла­рын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мың­нан астам адам сотталды» дегені бұл пікірімізге дәлел. Бұл деген сұм­дық­ көрсеткіш, масқара жүгенсіздік, обыр тойымсыздық, шектен шыққан дүние­қо­ңыздық, халықтың дәстүріне, тіліне, дана­лық мәйектеріне, ғибраттарына деген құлықсыздық, рухсыздық. Рух – адамның қанаты. Тыңдау, оқу, көріп үйрену, тәжі­рибе жинақтау өнерін меңгеру – адам­ның тағдыранықтағыштық, өмір­та­нытқыштық қабілет-қарымын ширық­ты­ра­ды. Осындай кәусар таза рухтылыққа ұмтылайық, ағайын!..

Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу