Тарихи сапар

Америка Құрама Штаттары биылғы сыртқы саясатындағы екіжақты қарым-қатынастарын Қазақстаннан бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін АҚШ-қа ресми сапармен келді. Араға 11 жыл салып жүзеге асып отырған бұл сапардың шын мә­нін­де сая­си және экономикалық маңызы зор деп санаймыз. Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдары үлкен Буштан басталған екі ел ара­сын­дағы қарым-қатынас бүгінде жоғары деңгейге жеткені белгілі. Қа­зақ­стан Республикасының Президенті 2018 жылы Ақ үйге барған алғашқы қонақ болып отыр. Бұл Вашингтонның біздің елмен арадағы байланысқа ерекше көңіл бөліп отырғандығын көрсетсе керек. 

Егемен Қазақстан
16.01.2018 5993
2

Осы сапар аясындағы келіс­сөз­дер қорытындысы бойынша Ақ­орда мен Ақ үй басшылары ХХІ ғасырдағы қазақ-америка байланыстарын одан әрі терең­дету мәселелері қам­ты­латын екі мемлекет прези­дент­терінің кеңей­тілген стратегиялық әріп­тестік туралы Бірлескен мәлім­де­месін қабылдайды деп күтілуде. Келіссөздер аясында сондай-ақ, бірнеше миллиард долларды құрайтын бірқатар келісімге қол қою жоспарланған. Осының өзі-ақ 26 жыл ішінде стра­тегиялық серік­тестік дең­гейі­не көтерілген Қа­зақ­стан-АҚШ қарым-қатынас­тарына Елба­сы­ның осы жолғы сапары мүлде соны серпін беретінін байқа­тады. 

Бұған қоса, 2018 жылдың ал­ғаш­қы айына келген Қазақ­стан­ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне төрағалық етуі де сапардың сал­­­мағын еселей түсті. Елбасы мұ­хит­тың арғы бетіндегі стра­те­гия­лық серіктес елмен ынты­мақ­тас­тықты күшейтіп, дүниежүзілік мін­­берден ядролық қарудан азат ға­лам құру идеясын қайта қоз­ғамақ.

Қазақстанның ҚК төрағасы ретінде күн тәртібіне жаппай-қырып жою қаруынан бас тартуды ұсынуы кездейсоқ емес. Еліміз иелігінде ядролық қару бола тұра, одан ерікті түрде бас тартқан ең алғашқы мемлекет саналады. Қазақтың болашағы қаруда емес бейбітшілік пен тұрақтылықта екенін түсінген Елбасының осы шешімінің арқасында сансыз белестерді бағындыра білдік. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында өзін тұрақтылықты төрге шығарған тірегі мықты мемлекет екенін көрсетті. Осы себепті болар, АҚШ Қазақстанды Орталық Азиядағы ең сенімді серіктесіне айналдырып, екі ел арасындағы әріптестікке басымдық беріп келеді.

АҚШ пен Қазақстан басшы­лары жаһандық қауіпсіздік, ай­мақ­тық тұрақтылық, эконо­ми­калық қатынас, энергетика мә­селелерін талқыламақ. Ақ үй­дегі екіжақты кездесудің аталған тақырыптарға арналуы еліміз­дің Орталық Азия ғана емес, жалпы жаһандық қауіп­сіз­дік пен бей­бітшілік мәсе­ле­сін­дегі маңызын байқататыны анық.

2016 жылы еліміз БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіне Тынық мұхиты және Азия аумағынан 55 дауыс жинаған Тайландты артқа тас­тап, үлкен басымдықпен –138 да­уыспен сайланған кезде әлемдік қауіпсіздік саласында Қазақ­станның өзіндік орны бар екен­дігіне толық көз жеткіздік. Бұл – бүкіл әлем жұртшылығының Қа­зақ­станның аймақтық және жаһан­дық тұрақтылықты қамта­масыз етудегі салмақты үлесін мойындауы. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде Елбасының ядролық қарудан бас тарту туралы шешімі егемен Қазақстанның бейбітсүйгіш ел ретінде позициясын нықтауға, әлемдік дер­жавалардың сеніміне ие болуға және нарықтық экономикаға қа­дам басқан жас мемлекетіміздің шетелдік инвестицияларды тар­туына өз септігін тигізді. Одан кейінгі кезеңде Астана Тау­лы Қарабах мәселесі бойынша әділ мәмілегерлік позициясын танытты, Иранның ядролық бағ­дар­ламасы бойынша бейбіт келісімге келуге үлес қосты, Ресей мен Түр­кия арасындағы кикілжіңді реттеуде тиімді араағайындық көр­сетті, Украина дағдарысын шешу бойынша Минск платфор­масын құруға атсалысып, Сирия мәселесін реттеуде жанжалдасушы тараптардың басын Са­рыарқа төсінде келіссөздер үстеліне жинай алды. Бұл – Ел­ба­сының ғаламдық деңгейдегі мәмілегерлігінің, Қазақстанның көпвекторлы саясатының жемісі.

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын дамытып, түрлі сынақтарды үдетіп, ғаламдық бейбітшілікке қауіп төндіріп тұрған уақытта Қазақстан секілді ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекеттің әлемдік қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша ең ықпалды ұйымға мүше болуы заңды құбылыс. Өйткені Қазақстан бұл тұрғыда бірізділік танытып келе жатқан мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әлемде қуаттылығы жөнінен төртінші орындағы ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, әлем елдерін ширек ғасырдан астам уақыт жаппай қырып-жою қаруларынан бас тартуға үндеп келеді. Мәселен, 2016 жылы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде жарияланған Елбасының ядролық қарусыз, соғыссыз және зорлық-зомбылықсыз болашақ құруға шақыратын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі түрлі халықаралық мінберлерде қызу талқыланып, қалың қолдауға ие болды. Нәтижесінде манифест БҰҰ Бас Ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Осы ретте ұйымның Бас хатшысы Антониу Гуттериштің де Қазақстанға ерекше ықыласы бар екенін атап өткіміз келеді. Бас хатшы болып сайланбас бұрын Гуттериш мырза Қазақстанға келіп, Елбасының батасы мен қолдауын алып кеткен болатын. Содан бері бас ұйымның бас хатшысы еліміздің бастамаларын тұрақты қолдап келеді. Өткен жылдың соңында әлемдік қауымдастыққа мәлімдеме жасап, жаһандық қарусыздануға шақырған Антониу Гуттериш Қазақстанның 1990-жылдардан бері ұстанып келе жатқан саясаты мен ұстанымы оң екендігін тағы бір дәлелдеді.

Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылып, ядролық қарусыз әлем құрудағы белсенді бастамашылдығы әлем назарынан тыс қалған емес. 2009 жылдың 2 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан 64/35 қарарын қабылдап, 29 желтоқсанды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні етіп жариялады. Қарар Қазақстанның бастамасымен қабылдағанғаны баршаға мәлім. Еліміз бұл күнді бекер таңдаған жоқ. Өйткені 1991 жылдың дәл осы күні Семей ядролық полигоны жабылған болатын.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес секілді өзекті мәселелерді күн тәртібіне енгізуі еліміздің ширек ғасырдан астам уақыт бұрын айқындалған ұстанымдарынан еш айнымағанын тағы бір айғақтады. Осы себепті Вашингтон да Елбасының жаһандық бейбітшілікті көздейтін бастамаларына құрмет танытып, Қазақстанның сыртқы саясаттағы қадамдарына үлкен сеніммен қарап келеді. Халықаралық қауымдастық пен АҚШ секілді әлемдегі ең қуатты елдердің Астананың қауіпсіздік пен тұрақтылық бойынша бастамаларын қолдауы еліміздің бейбітшілік флагманы ретіндегі рөлін нықтай түседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары Қазақстан үшін ғана емес, тұтастай Орталық Азия өңірі үшін де аса маңызды екенін айтуға тиіспіз. Бұл орайда, аталған өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсері мол Ауғанстанның да жағдайы келіссөздер барысында қамтылатыны заңдылық. 

Ресми Вашингтон да Астананың осы өңірдегі тұрақтылық пен орнықты даму мәселесін қозғауына мүдделі. Өйткені АҚШ президенті Д. Трамптың Шығыс Азия және Ауғанстан стратегиясын табысты жүзеге асыруы аймақтағы елдердің қолдауына тікелей байланысты. Қазақстан 2001 жылдан бері Ауғанстанның экономикалық әлеуетін күшейтуге, инфрақұрылымын жаңартуға және жаңа көшбасшылар толқынын қалыптастыруға айрықша мән беріп келеді. Мәселен, 2015 жылға дейін Қазақстан ауған студенттерін өз университеттерінде тегін оқытып, Ауғанстанда мектептер мен ауруханалар, жолдар салуға атсалысып келді. Адам капиталын дамытуға бағытталған бұл бастама Ауғанстан мен аймақ қауіпсіздігі үшін салынған стратегиялық маңызы жоғары инвестиция.  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық кезінде де еліміз Ауғанстан үшін ұзақ мерзімді маңызы бар бастамаларға мұрындық болуға ұмтылары сөзсіз.

Қазақстан Вашингтон үшін аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктес болуымен қатар, америкалық бизнес қауымдастық үшін инвестиция салуға қолайлы нарық. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы 12 жылда елімізге 253,9 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылса, оның ішінде АҚШ-тың үлесі 29,6 млрд долларды құраған. Яғни, АҚШ Қазақстанға 75 млрд доллар көлемінде инвестиция салған Нидерланд кейінгі ең ірі екінші инвестор. Америкалық инвесторлар өз қаржыларын салмай тұрып елдегі саяси тұрақтылық, экономиканың әлеуеті, бизнестің мүддесін қорғайтын заңдардың болуы, нарықтың көлемі және тұтынушылардың сатып алу мүмкіншілігі секілді мәселелерді  ескергені анық. Оның үстіне Қазақстанның соңғы жылдары Дүниежүзілік банктің бизнес жасауға жайлылықты зерттейтін Doing Business рейтингінде 190 мемлекеттің ішінде алғашқы үздік 40  мемлекеттің қатарында тұрақты жайғасуы америкалық инвестициялар үшін еліміздің тартымдылығын арттыра түскендігі сөзсіз. 2016 жылы мұнай саласындағы әлемдік гигант Шевронның «Теңіз» мұнайын өндіруге 37 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу туралы шешімі Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен экономикалық жағдайға сенімділіктің анық көрсеткіші. 

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тек Астананың күн тәртібін ғана емес, Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселелерді қозғауды өзіне міндет етіп алған. Аймақтан сайланған алғашқы мемлекет ретінде Қазақстан терроризмге қарсы күрес, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі секілді бес мемлекетке ортақ проблемаларға БҰҰ елдерінің назарын аудартып, тиімді шешімді бірге іздеуге ұмтылады. АҚШ та Орталық Азия мемлекеттері өңірлік проблемаларды шешу үшін ең алдымен ауызбіршілік танытып, барлық тарап мақұлдайтын күн тәртібін құрып алу керек деген ұстанымда. Сол мақсатта 2015 жылы Обама әкімшілігі Орталық Азиядағы интеграцияны күшейтуді көздейтін С5+1 платформаны құруға мұрындық болған. Аталған платформа аясында кездесулер үш рет сыртқы істер министрлері деңгейінде өтіп, арнайы жұмыс топтары қызмет жасауда. Одан бөлек наурыз айында Астанада аймақ көшбасшыларының кездесуі жоспарланғанын ескерсек, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуде Орталық Азия аймағының мүддесін қорғау талпынысы нақты қадамдармен жалғасатынына көз жеткіземіз. Төрағалыққа тарихи сипат беруіміздің себебі, Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне енді тек 40 жылдан кейін ғана үміткер бола алады. Кеңеске мүшеліктің 2060 жылдарға дейін үміткерлері қазірдің өзінде анықталып қойғандығын еске салғанымыз жөн болар.

АҚШ қазір әлемде саяси, экономикалық және әскери күші жағынан ең қуатты мемлекет. Сондықтан да Вашингтонмен сенімді қарым-қатынас орнатуға әлемдегі барлық ел мүдделі десек, артық айтқандық болмас. Вашингтон Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған кезден бастап бізбен геосаяси стратегиялық аймақта орналасқан ел ретінде достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнатты. Әлемдік державалардың мүддесі тоғысқан Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан үшін көпвекторлық ең тиімді саясат екенін Елбасы күн сайын дәлелдеп келеді. Осы орайда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалықпен тұспа-тұс келген тарихи сапар екі ел арасындағы стратегиялық байланысқа соны серпін береді деп сенеміз. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,
«Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен (АҚШ)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

21.02.2019

Қызылорда облысында электронды кітапханалар жұмыс істейді

21.02.2019

Шымкентте «Шымкентплан» құрылды

21.02.2019

Қарағанды облысында биыл дәрігерлерге 63 пәтер беріледі

21.02.2019

Ғалымбек Кенжебаев қазақ боксшыларының финалдағы жеңілісін түсіндірді

21.02.2019

Бангладеште өрт салдарынан 81 адам қаза тапты

21.02.2019

Мәжілісте Арал өңірінің өзекті мәселелері талқыланды

21.02.2019

Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирдің ширек финалына өтті

21.02.2019

Қазақстан баскетболшылары әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралияны қабылдайды

21.02.2019

Қазақстандық гимнастар Мельбурндегі әлем кубогі кезеңіне қатысуда

21.02.2019

Австрияда шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды

21.02.2019

Мәжілісте оңалту және банкроттық рәсімдерді жетiлдiру мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

21.02.2019

Обыр дертінің соңғы кезеңінен келетін қауіп сейілді

21.02.2019

Бала Бақытжан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

21.02.2019

Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

21.02.2019

Мобильдік топтар базарларды аралап, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпарат беруде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу