Парламент • 16 Қаңтар, 2018

Мәжілісте алдағы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығ­ма­ту­линнің төрағалығымен өткен Пала­таның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжілісте алдағы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Депутаттар осы күні Қазақстан мен Әзербайжан Республикаларының Үкіметтері арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарау жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасы осы күнгі отырыстың күн тәртібіне енгізілді.

Бюро отырысында Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс және Қауіпсіздік Кеңесі, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңдардың жобалары ілеспе түзетулерімен, кейбір заңнамалық актілерге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын талқылау мәселесі қаралды.

Сонымен қатар басқа да бірқатар заң жобаларын талқылау мақұлданды.