Президент • 16 Қаңтар, 2018

Бірғаным Әйтімова: Елбасы Жолдауында халыққа деген қамқорлық көрініс тапқан

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бірғаным Әйтімова: Елбасы Жолдауында халыққа деген қамқорлық көрініс тапқан

Елбасының «Төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қазақстандағы орнық­ты даму саясаты дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқанын тағы бір мәрте паш етіп отыр.

Парламенттің және Үкіметтің алдына қойылған міндеттер әлем­нің ең дамыған отыз елінің қа­та­ры­на ену жөніндегі қарқын­ды қад­а­мын қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекет басшысы еңбек еті­п жатқан тұрғындарды және ха­лық­­тың әлеуметтік әлсіз топ­­тарын қол­дау саясатын жалғастырып келеді.  Еліміздегі ұстаздар қауымын нақ­ты қолдау бұл еліміздің алда­ғы ондаған жылдардағы саналы және білімді ұрпағына деген қам­қорлықтың көрсеткіші болып отыр. Мұғалім­дер беделін көтеру және оларды материалдық тұрғыда қолдау – олардың лауазымдық еңбекақы­сын ұлғайту ғана емес, оқыту­шы мамандығының абыройын көтеруге, ең алдымен мұғалім біліктілігін жетілдіруге ынталан­дыруға, өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін мең­ге­руге ықпал етеді. Жолдауда белгі­ленген әлеуметтік сала бойынша мақсат-міндеттер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз хал­қына деген шынайы қамқорлығының көрінісі болып табылады.

Бірғаным ӘЙТІМОВА,
Парламент Сенатының депутаты