Қазақстан • 16 Қаңтар, 2018

Трамп пен Н.Назарбаевтың кездесуі: Ынтымақтастықтың жаңа сатысы - The Hill

308 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

The Hill басылымы "Трамп пен Н.Назарбаевтың кездесуі: Ынтымақтастықтың жаңа сатысы" атты тақырыппен мақала жариялады. Назарларыңызға материалдың ықшамдалған аудармасын ұсынамыз. 

Трамп пен Н.Назарбаевтың кездесуі: Ынтымақтастықтың жаңа сатысы - The Hill

Бірінші ағылшын-ауған соғысынан кейін Лондон бейтарап саясат жүргізді. Сондықтан болар, патшалық Ресейдің Орталық Азияға ықпалы көп болды. 170 жылдан астам уақыт өткен соң Барак Обаманың әкімшілігі Орталық Азиядағы саясатты бақылауға алды. Енді міне, Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми сапармен АҚШ-қа шақырды. Қазақстан қаңтар айынан БҰҰ ҚК төрағалығын бастады. 

Трамп пен оның командасы Қазақстан Президентімен кездесудің маңызды екенін біледі. Оның бір себебі - қаңтардың бірінде Қазақстан БҰҰ ҚК төрағалығын бастады. 

Қазақстан - 17 млн халқы бар мемлекет. Қытай, Ресеймен шекаралас бұл ел мұнай мен газ қорына өте бай. Сонымен қатар қазақ елі үшін экстремизмге қарсы күрес пен Ауғанстандағы жағдай да маңызды. 

Екі алпауыт мемлекеттермен көршілес отырған Қазақстандағы жастардың болашағы зор екенін сеніммен айтуға болады. Нұрсұлтан Назарбаев аймақтық форумдарда Путин және Симен жылына бірнеше рет кездеседі. Дегенмен, Қазақстан өз азаматтарына көрші мемлекеттердің ықпалы болмауын қатаң қадағалайтынын байқауға болады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары, сонымен қатар мемлекеттің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы Қазақстанның тәуелсіздік алған аз ғана уақыттың ішінде жоғары деңгейге жетіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін көрсетеді. 

АҚШ пен Қазақстан арасында қауіпсіздік және барлау қызметі салаларында жақсы серіктестік орнаған. Енді екі мемлекет аймақтағы терроризммен күрес бойынша ынтымақтастықты күшейткені жөн. Сонымен қатар қажетті әскери техникамен қамту жағынан да серіктестік нығаюы мүмкін. 

Қазақстанмен ынтымақтастықтың америкалықтарға тигізіп жатқан коммерциялық пайдасы бар екенін де айта кету керек. Мысалы, жақында Chevron Қазақстандағы Теңіз кен орнына 37 млрд доллар инвестиция салды. Құбылмалы экономикалық жағдайдағы бұл әрекет компанияның Орталық Азиядағы мемлекеттің экономоикалық тұрақтылығына деген сенімді көрсетсе керек. 

Қазақстан мемлекетінің көшбасшысы ресми сапары барысында Нью-Йоркте Уолл-стрит инвесторларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында Астана қор нарығына инвестиция тарту, мемлекеттің ең ірі компанияларының акцияларын сату туралы талқыланады. Сонымен қатар бірнеше коммерциялық келісімшартқа қол қойылады. 

2015 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болса да АҚШ-пен сауда айналымы көп емес. Яғни, Америка технология мен өндіріс тауарлары экспортын Қазақстанға көптеп жіберіп, бұл олқылықтың орнын толтыруға мүдделі. 

Бұған дейін Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаев үлкен жиындарда кездескен болатын. Бірақ Трамп пен Н.Назарбаевтың бұл жолғы ресми кездесуі екі мемлекеттің үкіметі мен басқару кабинетінің қатысуымен өтеді.