Әлем • 17 Қаңтар, 2018

Қазақстан елшісі Хорватияның вице-премьерімен кездесті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватия Респуб­ли­касының вице-премьері – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесті.

Қазақстан елшісі Хорватияның вице-премьерімен кездесті

Кездесу барысында Хор­ва­тия Сыртқы істер министр­лігінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төра­­ға­лы­ғымен құттықтап, алда­ғы уақытта қазақстандық дип­ло­маттарға табыстар тіледі.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай М.Пейчинович-Бурич екі­жақты қатынастардың жай-күйі мен даму келешегіне жоға­ры баға берді. Өзара сауда-сат­тық­тың өсуі байқалды, оның кө­лемі 2017 жылы қазақстан­дық статистика бойынша 325 млн доллардан асты. Өткен жыл­дың қазан айында өткізіл­ген ведомствоаралық консуль­тациялардың маңызы зор болды, нәтижесінде 2018-2020 жыл­дарға арналған екі сыртқы саяси ведомство арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Хорватияның СІМ бас­шысы Астанадағы ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық маман­дан­ды­рыл­ған көрмесінің табысты ұйым­дас­ты­ры­луын атап өтті.

Елші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арна­ған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы да­му­­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының мазмұны ту­­ра­­лы мәлімет берді. Құжат­та көр­сетілген тапсырмалар­дың жүзе­ге асырылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ин­вес­­тициялық ынты­мақтастық үшін қолайлы мүм­кін­діктер туғы­­за­тынын атап өтті. Отандық дипломат Сыртқы істер ми­нис­трі­не құқықтық база­ны кеңей­ту, сыртқы саясат пен сала­лық ведом­стволар ара­сын­дағы байланыстарды жандан­дыру, сауда-эко­но­ми­калық және мәде­ни-гуманитарлық ынты­мақ­тас­тықты дамыту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

«Егемен-ақпарат»