Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Егемен Қазақстан
18.01.2018 254
2

Сірә, халқымыздың бағзыдан ке­ле жатқан ертегі әлемін, батырлар жырын­дағы тұлпарлардың дүбірін аңсайтын жалғыз мен емес шығармын. Бұл бас­тау бұлаққа қолы жетпей қазіргі қазақ қоғамының аңқасы кеуіп шөлдеп, зарығып отырғанындай көрінеді маған. Қазақтың жан дүниесі, болмыс-бітімі ертегі-жырлар әлемінде жатқан жоқ па еді. Діліміз осын­дағы қаһарман батырлардың рухымен қалыптасып еді. Қазіргі айтылып жатқан, санамызға таңбаланған ұлт­тық код дегеніміз де осы емес пе еді. Руха­ни сананы жаңғыртып жаңартудың, кемел­дендірудің қайнары да халық қазынасының осынау сарқылмас қасиетті қара қайнары дегенге шәк келтіретіндер, әлде, арамыздан табыла ма?

Ерте күніме, еркелігіме, ертегіме кү­мән­мен қарап елемейтіндерге қапала­нып қынжыласың-ақ. Соларға қарсы миымның күні күркіреп, санамның аспанында шатырлап жай ойнағандай, шешуін таппас қиын мұң өзінің кермек сырын баяулап шерткендей болады. Неге, неге бұлай? Өз қағымыздан өзіміз неге жеріп барамыз? Біз қағымыздан жеріген сайын басқалардың жері кеңейіп, өз тынысымыз тарыла түсетінін неге сезбейміз, неге аңғармаймыз?

Бүгінгі сөзіміздің төркінін, ана тіліміз­дің асыл мәйегін ертеде өткен, ертегі-жырлармен жеткен баһадүр бабаларымыз, Тоқтарбайдай аталарымыз, Аналықтай әжелеріміз, Жиреншедей шешендеріміз сомдап еді ғой. Осыны ойлағанда ер­тек­­тен сағынтып жеткен аяулы мыс­тан кемпірді де керемет жақсы көріп кете­тінім бар. Алпамыс шермен айтысқан Бадамша сақау да сүйкімді. Қаракөзайым сұлуды әуреге салып, мойнына мініп қос өкпеден тепкілеген Кейқуаттың кесірлігін де кешіремін-ау. Иә, біздің буынның жан-жүрегі осылардан жылу, от алған, ақтық демімізге дейін ойымыздан осы ғажайыптар әсте шықпайды да. Әлі күнге дейін: «Айналдым алтын сақамнан, айналдым қотыр тайымнан» дейміз. Біздің жан-жүрегіміз мәңгілікке байланған алтын қазық, нәр алып қоректенген киелі кіндік те осылар болатын. Қазақтың әр кезеңдегі, әр замандағы, әр дәуірдегі, бүгінгі һәм болашақ ұрпағы үшін де осылай болуы керек. Қазақ болып қалудың, ұлт ретінде сақталудың үлкен де үделі шарты осы.

Бүгінгі мектептің төртінші сыныбы­ның оқушысы, біздің немерелеріміз Ерназар шалдың баласы Ер Төстіктің елесін де танып білмейтініне, оған бұрынғы біздердей елжіреп емексімей­тініне, емешегі үзілмейтініне назаланамын. Мұндай жағдайда біздің бала­пан-ботақандарымызға, алдағы болаша­ғымызға қазақы рух, ұлттық сана қайдан келмек? Жер астына түскен Төстігін жеті жыл күткен Кенжекей қыздың наласын, Қобыланды батырдың Тайбурыл тұлпарының ғаламат шабысын білмей өскен ұрпақты тек қасиетіне, ата тәрбие­сіне, ана тіліне уызынан жарыды деп айта аламыз ба? Жоқ, әрине!

Күн астындағы Күнікей қыздың сәуле­ті тәтті қиялмен тербеген балалық бал дәуреніміз-ай!..  Енді осындай ертегі елес, тәтті қиялдар тәуелсіздік балаларының, бостан ел ұландарының жан-жүрегін баурап тербесеші!.. Қайдасың, менің ертегім? Келші осындайда. Тағылым мен ғибратыңды құйшы, айналайын құлыншақ балаларыма. Бір ауық олардың ертегі оқуына, ертегілер еліне саяхаттауы­на неге жағдай жасамаймыз? Кітап арқылы. Көркем һәм қуыршақ фильм­дер арқылы. Мұндай жақсы әрекет-талпы­ныстар, әр алуан фильмдер де жоқ емес, бар. Бірақ солар діттеген межеге әлі жетпей жатыр, мақсат жебелері көздеген жерге дөп тимей жатыр.

Мен әлі де ертегілер елінен шыға алар еме­с­пін. Таусоғар палуан қасымда, Желаяқ досым алға озған. Көлтаусар басып жосынға, Шөлдейді дерсің таң боздан. Солар менің сезіміме шуақ құйып, дәйім шаттанып жүруімді қалайтындай. Мен осы ертегі әлемінің шаттығын Алаш қауымының бүгінгі бүлдіршін балаларына сыйлағым келеді. Бірақ көп болып қолға алмасақ, жұрт болып жұмылмасақ, бұған, мұндай ұлы мақсатты орындауға жалғыз өзімнің шамам келе ме?! Осы тілегім періштенің құлағына шалынсын.

Ертегім менің, қайдасың, Қайдасың, Шойынқұлағым? Табудың айтшы айласын Бәдіғұл-Жамал тұрағын. Келтіріп көңіл күйін-ау, Ойымның түрген аспанын, Қайдасың, Аяз биім-ау, Қайдасың Рүстем-Дастаным? Киелі менің ертегім, Кеңеске өзің кірмесең, Көктемес, сірә, өркенім – Кеудеме нұр боп сіңбесең. Анамның дарып сүтімен, Әл берген әуез, көркем үн, Аймала қыдыр құтымен, Аяулы менің ертегім. Самұрық құсың іліп ап, Самғатсын биік санамды. Ертегі-бұлақ сылдырап, Шарласын сайын даламды. Ұрпағым құйып құлаққа, Ұйысын қоңыр үніңе. Ертегім, жеткіз мұратқа, Еліткіз баба діліне!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды

10.12.2018

Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады

10.12.2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

10.12.2018

Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады

10.12.2018

Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды

10.12.2018

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

10.12.2018

Халықаралық Олимпиада комитеті Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға медальдары қайтарады

10.12.2018

Павлодарда «Лайықты еңбек – мемлекеттің тұрақтылық негізі» форумы өтті

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу