Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Қ.Тоқаев: Қазақстан басшысы еңбегіне лайықты баға

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қ.Тоқаев: Қазақстан басшысы еңбегіне лайықты баға

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Қазақстан­ Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары туралы өзінің твиттерде жарияланған жазбасында «Президент Н.Назарбаевтың Ақ үйдегі келіссөздері екі­жақты ынтымақтастықты дамыту және халықаралық жағдай жөніндегі Қазақстан мен АҚШ көзқарастарының ұқсастығын көрсетті. Трамп Қазақстанның Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі әріптесі екенін айтты. Сапардың тарихи маңызы аса зор!» деп жазды.

Сондай-ақ Жоғарғы палатаның Төрағасы «Вашингтон Президент Н.Назар­баевты жылы шыраймен қабылдады және Д.Трамп оның «зор құр­метке ие көшбасшы» екенін айтты. Өз елінде де, халық­ара­лық қоғамдастықта да ең­бек сіңірген Қазақстан көш­басшысына лайықты баға берілді» деп атап өтті делінген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.