Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Технологиялық мешеуліктен құтылуымыз керек

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы үшін Елбасының жыл сайынғы Жолдауы жақсы дәстүрге айналып кетті. Жолдаудан біз Мемлекет басшысы алдағы жылдарға белгілеп беретін нақты міндеттерді күтеміз.

Технологиялық мешеуліктен құтылуымыз керек

Президент Н.Назарбаев­тың биылғы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бағдарламалық құжат болып табылады. Мұнда Президент еліміздің алдағы жылдарға арналған экономикалық даму бағдарларын анықтайтын негізгі мақсаттар мен міндет­терді айқындады. Оның негізгісі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларына жаңа цифрлы технологияларды батыл енгізіп, кеңінен қолдану.

Бұл жөнінде Мемле­кет басшысы «Индустрия­лан­­дыру 4.0 жаңа техноло­гия­­лық қалыптың бар­лық мүм­кіндіктерін пайда­ла­на отырып, мейлін­ше ин­но­вация­лық сипат­қа ие болуға тиіс. Кәсіпорын­дары­мыз­ды жаң­ғыртуға және цифр­лан­дыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет» екенін айта отырып, бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыратынына тоқталды. Елбасы ол үшін еліміздің ірі кәсіп­орындарында цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаны іске асырып, кейіннен бұл тәжірибені кеңінен тарату керектігін атап өтті.

Жалпы, өткен жылы өңі­р­імізде 158 кооператив құры­лып, нақты саны 640-қа жетті. Оған 55 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтар мүше болды. Бұл көрсеткіш бо­йынша облыс республикада бірінші орында. Ал ин­дус­трияландыру картасы бойынша 172 жоба іске қо­сылса, өңір экономикасына тартылған инвестиция кө­ле­мі 417 млрд теңгені құрады.

Дегенмен тек шикізат сек­торына негізделген эконо­мика еліміздегі тұрақты­лыққа негіз бола алмайтын­ын өткен жылдардағы дағ­да­рыстар іс жүзінде көрсетіп берді. Шын мәнінде бәсекеге қабі­лет­ті болу үшін технология­лық мешеуліктен құтылып, өнімділікті арттырып, халық­аралық нарық­тарда сапалы және сұранысқа ие тауарларымызды саудалай алатын күнге жетуіміз керек. Бұл әсіресе агроөнеркәсіп кешені үшін маңызды міндет.

Сәду БЕКЕНОВ,

облыстық мәслихаттың депутаты, «Кетебай» өндірістік кооперативінің төрағасы

Оңтүстік Қазақстан облысы