Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президентімен кездесті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президентімен кездесті

Кездесуде тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Goldman Sachs» компаниясының одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы орталығын құру үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Бүгінде барлық құқықтық жағдай жасалды. Ағылшын құқығы базасындағы сот құрылды. Қатысушылар үшін қажетті барлық жеңілдіктер қарастырылды, соның ішінде виза және салық жеңілдіктері де бар, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Американың «Nasdaq» биржасымен және Шанхай қор биржасымен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар