Әлем • 21 Қаңтар, 2018

Қазақстан арқылы Әзербайжанға жөнелтілетін Қытайдың жүк пойызы жолға шықты

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Үрімші қаласынан шыққан автобөлшектер, инженерлік техникалар мен тұрмыстық заттар тиелген жүк пойызы Алашаңқай бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қазақстанның Құрық портына жетеді. 36 контейнер одан әрі теңіз тасымалдары арқылы Бакуге жөнелтілетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Қазақстан арқылы Әзербайжанға жөнелтілетін Қытайдың жүк пойызы жолға шықты

Қазақстан мен Қытай темір жолдары ведомстволарының ынтымақтастығы арқасында ашылған Үрімші - Құрық - Баку жаңа бағыты Қытай мен Грузия, Иран, Әзербайжан, Түркия және Еуропа елдері арасында жүк тасымалдары үшін жоғары тиімді және ыңғайлы логистикалық дәліз болып есептеледі.

Шыңжаң теміржол ведомствосының мәліметіне сәйкес, теміржол мен теңіз тасымалдарын қамтитын жаңа бағыттың жалпы ұзақтығы 4186 шақырымды құрайды, жолдағы уақыт - 8 күн. Бұл теміржол тасымалдарының үштен екісі.

"Синьте" Шыңжаң халықаралық логистикалық компаниясы бас директорының орынбасары Нань Цзюнь атап өткендей, 2018 жылы Үрімшінің қабылдау-үлестіру орталығынан Еуропаға 1400 жүк пойызын жөнелту көзделген.