21 Қаңтар, 2018

Кабулдегі террорлық шабуылда 18 адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, Ауғанстан астанасы Кабулдегі Интерконтиненталь қонақүйінде террорлық шабуыл болып, 14 шетел азаматы және төрт  Ауғанстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды BBC.

Кабулдегі террорлық шабуылда 18  адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

Сурет BBC сайтынан алынды

Куәгерлердің айтуынша, террористер шетелдік азаматтарды көздеген. Ішкі істер министрі қауіпсіздік қызметін жеке компанияға тапсыру туралы жақын арада қабылданған шешімнің қате болғандығын айтты.  

Ауған әскері террористермен түні бойы арпалысып, 160 адамды аман алып қалды.

Торуыл кезінде үш қылмыскер өлтірілген. Он адам жарақат алған. Соның төртеуі қарапайым адамдар.  

Кабул полициясы BBC басылымына хабарлағандай, 9 украиндық, бір германиялық, бір грекиялық және бір қазақ азаматының қайтыс болғаны расталған. Тағы екеуі жеке мәліметтері анықталуда.