Әдебиет • 22 Қаңтар, 2018

Қазақ – қашанда қазақ!

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Сан соқпақ сақараны шиырлаған,
Тарқату тағдырларын қиын маған.
Асатын азаттыққа Абылай жолы
Ол кезде Алашыма бұйырмаған.

Тауқымет.
Талай нәрсе арман еді.
Түрксібті арып-ашып салған еді.
Тальгоға жеткен мына заманымда
Қазағым тебіреніп тәубе деді!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар