22 Қаңтар, 2018

Атырау қаласы тұрғындары Қазақстан құрамасына қолдау білдірді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау қаласы тұрғындары Қазақстан құрамасына қолдау білдірді

Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға сөзбен емес, іспен қолдау білдіруді шешті, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл үшін қалалық спорттық ойындар фестивальі ұйымдастырылды. 

Жарыс өткізу орны ретінде Жайық өзені таңдап алынды. Шараларды қалалық әкімдік пен дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыстарға барлық қала тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Жеке және топтық сындарда бақ сынады. Көптеген тұрғындар мерекеге отбасымен келді. Бірі коньки тепсе, енді бірі xоккей және көңілді старт ойынына қатысты. Жаппай спорттық шараға 500- ден аса қала тұрғыны қатысты.