Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018

Алматы облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы облысында күн күрт суытады. Қазгидромет мамандарының болжауынша, 24-29 қаңтар аралығында облыс аумағы бойынша ауа температурасы -25-30, кей жерлерде -30-35 градусқа дейін төмендейді.

Талдықорғанда -20-35 градусқа дейін қатты аяз болады деп болжанып отыр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыс тұрғындарына ескерту жарияланды. ТЖД-ның қызметкерлері халықты барынша абай болуға, үскірік аяз кезінде үйден шықпауға кеңес береді.