Абыройды асқақтатқан қос саңлақ. Головкин мен Полторанин.

Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар ел абыройын асқақтатып жатыр. Олардың қатарында әдеттегідей кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен шаңғышы Алексей Полторанин бар. 

Егемен Қазақстан
23.01.2018 11754
2

Шаңғышы Алексей Полторанин Словенияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды. Полторанин классикалық әдіспен 15 шақырым қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші орын алған норвегиялық Йоханнес Хоэс­флёт Клэбо Алексейден 13,2 се­кундқа қалып қойды. А.Пол­то­ра­ниннен 42,8 секундқа кейін кел­­ген швециялық Калле Хальфарссон үздік үштікке жайғасты.

Отандасымыз осымен қысқы Олимпиада қарсаңындағы мау­сым­дық жарыстарда төртінші рет жүл­деге ие болды. Осыған дейін ол 17 желтоқсан күні Италияның Тоб­лах қаласында Әлем кубогы ке­зеңін­де 15 шақырым қашықтықта классика­лық тәсілмен ізге түсіп жарысу­да үшінші орын алса, Ленцер­хай­де­де (Швейцария) «Тур де Ски» ке­зең­інде классикалық әдіспен 15 ша­қырым қа­шық­тықта жүгіруде күміс жүл­дегер атан­ды. Сондай-ақ Италияның Валь-ди-Фьемме қала­сында 6 қаңтар күні «Тур де Ски» ке­зең­інде 15 шақырым қа­шық­тық­та клас­­си­калық әдіспен чем­пион атанған еді.

Енді Алексей Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Олимпия ойындарында медальдың сың­ғырын естіртсе, қанекей. Бабында жүрген спортшымыз көк Туымызды жел­біретіп, әнұранымызды шырқатса екен деп тілейміз.

Сонымен қатар күллі бокс әле­міне әңгімесі жүретін «World­Boxing­News.net» сайты 2017 жылдың ең үздік боксшысын анықтады. Үш үміт­кердің арасынан олар біздің отан­дасымыз Геннадий Головкин­ді таңдапты. Кроуфорд пен Лома­чен­коны шаңына ілестірмеген қазақстандық боксшы өткен жыл­дың үздігі атанды. Атақты ағыл­шын­дық сайттың айтқанымен өзге­лері де келісіп жатқаны айқын. Соны­мен бірге «vringe.com» сайты 2017 жылдың ең айтулы кездесуі Голов­кин мен Альварес арасында өтті деп мәлімдеді. Ең көп қаралған әрі тал­қы­ланған бокс кездесуінің жыры шы­нын айту керек әлі де тарқа­май тұр. Екіжақты келіссөздер жүріп жатқанынан хабардар болып отырған Халықаралық бокс қауым­дастығы Геннадий мен Сауль­дың ара­сындағы қарымта кездесуді мамыр айының 5-іне белгілепті. Мәсе­ленің мән-жайы жақын арада анық­талуы тиіс.

Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

14.11.2018

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады

14.11.2018

Алматыда экстремизмге қарсы халықаралық семинар өтті

14.11.2018

Қостанайда Торғай геоглифтері туралы кітап шықты

14.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

14.11.2018

Бүгін латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті

14.11.2018

Елбасы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

14.11.2018

Көкшетауда жылу-электр орталығы салынады

14.11.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосу салтанатты рәсімі өтіп жатыр

14.11.2018

Ыстамбұлда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме ашылды

14.11.2018

Елбасы АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу