Сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтындағын мәлімдеді.
"Нидерландының сот органдары бұдан бұрын Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған. Сонымен қатар, сот Статиге қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеуін ұйғарды. Бельгияның сот органдары да осындай алдын ала шектеу қойды. Оған шағым жасау жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіпте жалғастырылуда", деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі .