Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Түркістанға іс-сапармен келді

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киелі мекен Түркістан қаласына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ресми сапармен келді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Түркістанға іс-сапармен келді

Дүниежүзілік мəдени мұралар тізіміне енген қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, бабалар рухына құран бағыштаудан бастаған бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейдің құнды жәдігерлерімен де танысты.

24233 жәдігерден тұратын қорық-музей тыныс-тіршілігі жөнінде пікір алмасып, шынайы тілектестігін білдірді.