Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018

Халықаралық клирингтік жүйені дамытуға арналған меморандумға қол қойды - Қаржы министрлігі

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Меморандум нарықтық ортаны құруды қолдау үшін серіктестікте қызмет жасау ынтасын айқындайды, ол Euroclear арқылы шетелдік инвесторлардың қазақстандық жергілікті қағаздарға қол жетімділігін қамтамасыз ететін болады.

Халықаралық клирингтік жүйені дамытуға арналған меморандумға қол қойды - Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті ретінде Euroclear арқылы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына резидент еместердің тура қол жетімділігін қамтамасыз етуде мемлекеттік бағалы қағаздарды тиімді бәсекелестік шартта орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, әлеуетті қарыз алу құнын төмендетуге және инвесторлық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

«Euroclear Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және жергілікті нарықтың инфрақұрылымымен Euroclear-ны енгізуден пайда ала алатын капитал нарығын құруға көмек көрсету мақсатында серіктестік жасауға қуанышты екенін білдіреді. Euroclear-ны енгізу нарыққа біртұтас, өтімділіктің қуатты пулсын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және нәтижесінде ол мықты макроэкономикалық пайдаға, оның ішінде облигациялар бойынша табыстылықты төмендетуге, сондай-ақ жергілікті активтердің өтімділігін арттыруға әкеліп, ол өз кезегінде, терең, тұрақты және ірі жергілікті нарықты жасайды», - деп атап өтті Euroclear-да ETF капитал нарықтары, қорлар мен қызметтер бағыттары бойынша ғаламдық бөлемшенің директоры Стефан Пуйа.

Жалпы, бұл өз кезегінде қазақстандық эмитенттерге жергілікті бағалы қағаздарды 90-нан артық елдердің 2000-нан аса қаржылық институттарды қосатын клиенттері бар АА+ рейтингісімен бағалы қағаздардың халықаралық орталық депозитарийі  Euroclear платформасы арқылы тура, қарапайым және тиімді түрде шығаруға мүмкіндік береді.

«Euroclear арқылы қазақстандық эмитенттер «Астана» Халықаралық қаржы орталығының біртұтас платформасында жергілікті және халықаралық инвесторларға да қол жетімділікке ие бола алады. Уақыт өте келе бағалы қағаздар эмитенттері үшін қарыз алу құны төмендеп, Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін тигізеді деп күтілуде», - деп «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов атап өтті.

Әлемдегі пост-трэйд қызметін жеткізудегі алдыңғы қатарлы және сенімді жеткізушілердің бірі болып табылатын Euroclear-дің Қазақстанның нарық капиталының дамуына қатысуы Қазақстанның қаржы нарығында тиімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.