Театр • 25 Қаңтар, 2018

Өлмейді өнерде із қалдырған... (Әнуар Боранбаев хақында)

2671 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Бауырын жазып кө­сі­­ле ал­­май, өксікпен кеткен өнер тарланы...». Қа­зақстанның халық әр­тісі Ән­уар Боран­баев жа­йында кезінде театр сыншысы Әшір­бек­ Сығай осылай деген екен. Иә, талантты ак­тер тағдыр сынына түсіп, мұң тұманынан сейілмей өтсе де, ар­тына өшпестей із қалдырып кетті. 

Өлмейді өнерде із қалдырған... (Әнуар Боранбаев хақында)

Ол сахнадағы отызжылдық өмі­рінде алпыстан астам ірілі-ұсақты образды сомдаған. Тек театрда ғана емес, актер Әнуар Боранбаевтың кино әлемінде де өзіндік қолтаңбасы бар. Жұрт оны «Гауһартас» ар­қы­лы кеңірек таныды. Кәдім­гі бәрімізге кеңінен таныс «Гауһартас» – қазақ кино өне­рінің алтын қорына жа­зылған біре­гей фильм. Сондағы бас­ты рөл Тастанды сомдаған ак­тер – Әнуар Боранбаев. Бұл кино бұрын теледидардан түспейтін еді. Салтанат, Тас­тан, Қайыркен сияқты ке­йіп­керлерінің түрін, сөзін, әсі­ресе әнін жатқа білетін едік... На­ғыз таланттар сомдаған кере­мет көркем туынды. Иә, он­дағы әрбір актердің шынайы ше­бер­лігі қазақтың кино өнерін биік белеске бір көтерген еді. Шын­дығында, «Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болыпты. 

Әнуар Боранбаев – Торғай топырағынан шыққан өнер иелерінің ішіндегі шоқтығы биік жұлдызы. Еліне ерен еңбек сіңірген актер 1999 жылы 51 жасында бақилық болды. Қырықтан асқан нағыз ер шағында бір аяқтан айырылып, мүгедектік халге түссе де, ол өмірінің соңына дейін өнер жолынан таймады, соңғы демі қалғанша өнер деп өтті. 

Ол ұзақ жылдар бойы Қа­­­­­­­зақ академиялық драма ­теа­­­тры­­ның актері болған. Ә.Бо­ран­баевтың актерлік ше­бер­лігінің қалыптасуына М.Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөл­­дері ерекше ықпал етті. Бо­ран­баев кинофильмдер­ге тү­сіп, ірі экрандық бей­не­лерді де сомдады. Ә.Боран­баев­ Қ.Мұ­­қашевтың «Да­ла дас­та­нындағы» – Iлияс, М.Әуе­зовтiң «Қара­көзiндегi» – Сы­рым, «Ай­ман-Шолпандағы» – Арыстан, «Қарақыпшақ Қо­быландыдағы» – Бiрсiмбай, «Ең­лiк-Кебектегi» – Кембай, Ә.Нұрпейiсовтiң – «Қан мен терiндегi» Еламан, Ш.Айт­ма­товтың – «Ана – Жер-ана­­сындағы» – Майсалбек, «Ақ кемесiндегі» – Момын шал, бұдан басқа кесек-кесек туындылардағы кесекті рөл­дерде өзін таныта білді. 

Қазақстанның халық әртісі Ә.Боранбаевтың атында қазіргі күні туған жері Қостанай облысы, Амангелді ауданында орта мектеп, Арқалық қа­ла­сында кинотеатр бар. Мек­теп 2000 жылы ашылған бо­­­л­атын. Ол мектептің ау­­дан­ орталығында ашылуына ак­тердің ағайындары, бауырлары Боранбаевтар әу­леті зор үлес қосқанын ел бі­леді. Актердің биылғы 70 жыл­дық мерейтойының аталып өтуіне де Боранбаевтар әулеті қолдау білдіріп, демеу­шілік жасап отыр. Оның бір мысалы – жақында осы мек­­тептің жиырмаға жуық оқушысы бас қала Астанаға келіп, ел­орданы аралап, ЭКСПО қа­­ла­шығынан бастап, әсем қа­ланың басқа да мәдени, ойын-сауық орталықтарын көріп, қы­дыруға мүмкіндік алды. Біз оқушылармен арнайы ұйым­дастырылған кездесуде жүз­дестік. Кездесуде актер Ә.Боранбаевтың жары Ақбөпе апай, оның жалғыз қызы мен күйеу баласы да болды. Әнуар Боранбаевтың замандас аға-інілері, дәмдес, аралас-құралас болған, көз­көрген аға-інілері – академик Сайлау Байзақов, жазушы Қайсар Әлім, Таңатхан Боранбаев, тағы басқалар сөз­ сөйлеп, оқушыларға актер­ өмірінен тағылымды ес­­­те­ліктер айтып берді. Ал Ә.Бо­ранбаев атындағы мек­теп­тің меңгерушісі Салих Ма­хат өз кезегінде халық әртісі Ә.Боранбаевтың есімін, өнер тағылымын ұлағаттап, ке­йінгі ұрпаққа жеткізіп отыру ұс­таздар қауымының парызы екендігін, бұл ретте мұндай игілікті шаралардың тәрбиелік мән-маңызы молдығын айтып, қолдау білдіргендерге мектеп әкімшілігі атынан алғысын жеткізді. 

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар