Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018

Жас ұрпақ білуге тиіс дәуір тарихы

529 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жас ұрпақ бүгін Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатыр. Еркін елдің ұландары ешнәрседен кенде емес. Бүгін колледжде білім алып жүрген жастарды Тәуелсіздік алған жылдардан бергі кездің төлі десек болады, олар жиырма жасқа да толған жоқ. 

Жас ұрпақ білуге тиіс дәуір тарихы

Аталарымыз аңсаған Тәуелсіздік қолға тигеннен кейін оның іргетасын қалаған, тұғырын мықтаған уақыт та бір дәуір саналады. Аз да болса тұтас дәуірге тең кезең туралы «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында Нұрсұлтан Назарбаев публицистикалық сарынмен кімге болса да тү­сінікті, жүрекке жұмсақ жы­­лы­лықпен баяндайды. Жас ұрпақ бұл кезең тарихын білуге тиіс. Осы мақ­сат­пен Қостанай жоғары поли­тех­никалық колледжі «Тәуел­сіз­дік дәуірі» кітабы­ның тұсау­ке­серін жасау үшін облыс­тағы қо­ғамдық пікірлер көшбас­шы­ла­рының, облыстық мәслихат депу­таттарының, бизнес-құ­рылым өкілдерінің, оқу-ағарту са­ласы өкілдері мен облыс­та­ғы колледждердің студент жас­та­ры­ның басын қосты. 

Облыс колледждерінен 500 студент қатысқан жиында облыстық мәслихаттың хат­шысы Сайлаубек Есжанов ел Тәуелсіздігінің тарихы туралы кітаптың жарық көруі­мен жастарды құттықтап, онда Елбасы баяндаған біз­дің мемлекеттілігіміздің қа­­лыптасу уақыты туралы ма­ңыз­ды еңбек екенін айтты. Одан кейін білім беру саласының ардагері, белгілі ұстаз Светлана Мачнева кітап­тың алғашқы бөлімі, яғни 1991-1995 жылдар аралығын қам­­титын Қазақстанның ал­ғаш­­­қы жаңғыруы жөнінде әң­гіме­ қозғады. Алғашқы бес жыл еркіндігін енді алып, қаз басқан ел үшін эконо­ми­ка­лық жағынан ғана емес, саяси жағынан да аса жеңіл болған жоқ. Бұл жылдары жоспарлы экономиканың күні бітіп, нарық келуімен байланысты экономикалық дағдарыс өз алдына, жас елдің мемлекеттік басты құ­жат­тары қалыптасты. Жас мем­лекеттің заңнамалық ірге­тасы қаланды. Осы бө­лім­де нарықтық жаңа­ру ке­зінде либералдық рефор­ма­ның қажетті жағдай­ында Президент заң күші бар 147 Жарлыққа қол қояды. Ал рес­публиканың бұрынғы Жоғарғы Кеңесі жыл бойы небары 7 заң ғана шы­ға­ратын. Осы мысалдан-ақ Тәуел­сіз­діктің алғашқы жыл­да­рын­дағы бел қайыстырар еңбектің қандай болғаны көз алдыңа келеді. 

Тұсаукесерде кітаптың одан кейінгі бөлімдері туралы Қостанай мемлекеттік педа­гогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының док­торы, профессор Еркін Әбілев, Челябі мемлекеттік уни­верситеті Қостанай филиалы директорының ғылыми жұ­мыстар бойынша орынбасары, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының және Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті­нің жанындағы Адам құқы­­ғы комиссиясы сарапшылар кеңесінің мүшесі Әлімжан Бек­мағамбетов сөз қозғады. 

– Елбасы Нұрсұлтан Назар­­баевтың тарихи-публи­цис­­тикалық жанрда жазған бұл кітабының құнды­лығы Тәу­­­елсіздік тұғырын қалып­тас­тыру тарихын кешенді түр­де алып қарастырады. Ел­дің Тәу­ел­­сіз­дік жылдары саяси, эко­но­микалық әлеуметтік жүйе­сі­нің өзге­руін жинақтап, ке­шен­ді түрде зерттеген мұн­дай кі­тап Қазақстанда әлі жоқ. Осы 26 жылда Тәуелсіздік ту­­ралы жазылған кітаптарды ав­­тор­­лардың әрқайсысы өзі­нің зерттеген саяси немесе эко­но­ми­калық, әлеуметтік тұр­­ғыдан жекелей алып қана жазды. Ал мынандай жи­нақ­тап, бір­тұтас айтып берген ешкім жоқ, – деді Еркін Аман­жолұлы. 
«Тәуелсіздік дәуірі» кіта­бы жас қазақстандықтарға мем­ле­кеттің қалай қалып­та­суы мен елдің қалай өсуін баяндайды. Оны жастар оқып қана қоймайды, одан үйренуі, саяси, экономикалық ой-өрістерін кеңейтуі де керектігі айтылды жиында. 

– Бұл кітап оқу үдері­сін­де пайдаланылуы тиіс. Ол барлық білім беру дең­гей­інде, яғни мектептерде, техни­ка­лық және кәсіби білім беру, жоғары оқу орындарында оқы­тылуы жағын ойластырамыз. Бүгінгі оқушы, студент елі­міздің ертеңгі мамандары, көшбасшылары деп білсек, бүгінгі жастар бұл кі­тап­­тан өздерін толғандырған сұрақ­тардың барлығына жауап табады деп ойлаймын, – деді Қостанай жоғары поли­тех­никалық колледжінің дирек­торы, облыстық мәслихат­тың депутаты Алма Досжанова. 

 Жиында Тәуелсіздік жылдары мемлекеттілігіміздің қа­лып­тасуын баяндаған Елбас­ы Нұрсұлтан Назарбаев­тың кіта­б­ы туралы маңызды пікір­лер айтылып қана қоймай, ол ән­мен, бимен өрнек­теліп отырды. Кітаптың тұсау­кесерінде патриоттық сезім­ге толы жас­тық жігер де бай­қалып тұрды. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ