Әлем • 26 Қаңтар, 2018

Оңтүстік Кореяның Мирян қаласында ауруханадан өрт шығып, 33 адам қаза тапты

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрттен 33 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. 200-ге жуық науқас құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Оңтүстік Кореяның Мирян қаласында ауруханадан өрт шығып, 33 адам қаза тапты

BBC.com

Мамандардың айтуы бойынша, өрт  кардиологияға маманданған Сежонг ауруханасының жедел жәрдем бөлмесінде басталған болуы мүмкін.

Бұл Оңтүстік Кореядағы соңғы он ішінде көп адамның өліміне себеп болған оқиға және зардап шеккен адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. «Йонхап» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің көбі ауыр жағдайда, олар улы түтінге уланған.

Өрт сөндіруші Чой Мэн-Ву журналистерге өрттің нақты себебі әлі белгісіз екенін айтты. Өрт жергілікті уақыт бойынша 07:30 шамасында басталып (бейсенбі, 22:30), 3 сағатқа созылған. Осы оқиғаға байланысты, Оңтүстік Корея Президенті Мун Джэ Ин  өртпен күресу жолдарын талқылау үшін төтенше кездесу өткізді.

Мирянг Сеул қаласының оңтүстік-шығысында 270 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл аурухана 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Аурухана 200-ге жуық науқасқа қызмет көрсетуге арналған, онда 35 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Айта кетейік, осыдан бір айын Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында жаттығу залынан өрт шығып, 29 адам қайтыс болған болатын.