Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018

Қазақстандық хоккей бапкерлері ХОК сертификатын алды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ХОК Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында хоккей жаттықтырушылары біліктілігін арттыру курстарын аяқтады, деп хабарлайды Хоккей федерациясы.

Қазақстандық хоккей бапкерлері ХОК сертификатын алды

Николай Кузнецовтың семинарына қатысушыларға дәрістер оқылды, практикалық сабақтар өткізілді, жас хоккейшілерді техникалық дайындау мәселесі талқыланды. Курс аяқталғаннан кейін оның қатысушылары ХОК сертификатын алды.

Еске салайық, осы семинарда Алматыда тек Қазақстан және басқа елдерге мамандар дайындайтын Жаттықтырушылардың жоғары мектебі ашылатыны мәлім болды.