Бизнес • 26 Қаңтар, 2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері ДЭФ-2018 аясында Caspian Week конференциясына қатысты

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Дүниежүзілік экономикалық форумға (ДЭФ) қатысу аясында Caspian Week («Каспий аптасы») конференциясында сөз сөйледі. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері ДЭФ-2018 аясында Caspian Week конференциясына қатысты

Биыл Caspian Week жиынында қаржылық салада, сауда мен логистикада қолданылатын жаңа цифрлық технологияларға баса назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жəне коммерциялық жобаларға жаңа технологияларды енгізу, қаржылық технологияларды дамыту, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік қолдау мен халықаралық серіктестік бойынша өңірлік саясат мəселелері талқыланды.

 «Қаржылық технологияларды дамыту мен олардың ілгері басуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыру АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Экожүйе мен иновациядағы негізгі ойыншыларды тартатын орталыққа айналуы тиіс мамандандырылған қаржылық технологиялар хабы өз жұмысын бастады» - деп хабарлады Қайрат Келімбетов.

Қазіргі сəтте АХҚО өз серіктестерімен бірге қаржы технологиялары саласындағы мынадай: қаржылық технологиялар мен электронды коммерцияны дамытуға арналған акселерациялық бағдарлама, қаржылық технологиялар бойынша реттеуші сынақ бөлімі, блокчейн технологияларды дамыту орталығы, сондай-ақ қолма-қол төлемсіз экономиканы дамыту бастамалары сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс жасап жатқанын айта кеткеніміз жөн.