Аймақтар • 29 Қаңтар, 2018

Өскеменде 8 мұз айдыны жұмыс істеп тұр

670 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендегі «Алтай» стадионында футболшылар ала жаздай доп теуіп, ойын көрігін қыздырса, қыс бойы қала жұрт­шылығы осында келіп конь­ки тебеді. Жа­қын­да осы мұз­айдында шаһар­дағы студенттер мен мектеп оқу­­­­шылары ара­сында «Көңілді старт» ойы­ны ұйымдастырылды. 

Өскеменде 8 мұз айдыны жұмыс істеп тұр

Мұз­ай­дынға коньки тебуге келген жас­тар үш командаға бөлініп, спорт­тың 5 түрінен сынға түсті. «Мұндай спорттық жарыстарды әр аптаның сенбі-жексенбі күндері дәстүрлі түрде өткізіп отырамыз. Бұл жолы шара соңында «Темекіні тәттіге алмастыр» атты акция ұйым­дас­тырып, шылым шегетін жас­өс­пі­рімд­ерді салауатты өмір салтын ұс­тануға, темекіні тастауға шақыр­дық. Жастар темекі тартқанша бір мезгіл коньки теуіп, денелерін шынықтырып, денсаулықтарын нығайтқаны ғанибет емес пе? «Алтай» стадионына келушілер тек коньки тебумен ғана шектелмейді, хоккей де ойнай алады. Біз алдағы аптада оқушылар арасында хоккей турнирін өткізуді жоспарлап отырмыз. Үш нұсқаушымыз бар. Олар коньки тебе алмайтындарға сырғанау әдістерін үйретеді. Медици­на­лық бекет күні бойы жұмыс істейді. Мұзайдынға келу­шілердің көптігін ескере отырып биыл 200 дана жаңа коньки сатып алдық», дейді «Алтай» ста­ди­онындағы мұзайдынға жауапты мекеме «Госстрой» ЖШС директоры Ерлан Жар­мұ­хамедов. Оның айтуын-
ша, мұзай­дынға демалыс күндері 3 мыңға, жұмыс күндері 500-ге жуық адам келеді.

Өскемен қалалық дене шы­нық­тыру және спорт бөлімінің бер­ген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде облыс орталығында «Алтай» стадионын қоса ал­ған­да 8 мұзайдын шаһар тұрғын­дары үшін жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар қаладағы мек­теп­­­тердің жанында 36 ша­ғын мұзайдын бар. «Өскемен тұр­­ғындарына Комсомол аралында, «Металлургтер» саяба­ғын­да, «Титан» стадионында, Этно­ауылда, «Нұрлы жол» сая­бағында, Комен­дант­ка өзе­ні­нің жағалауында және Амфи­театрдағы мұзайдында коньки тебуге барлық мүмкіндік жасал­ған. Тұрғындарға қолайлы болу үшін киініп-шешінетін орындар қарастырылған, шай ішіп, бой жылытатын шағын дәмханалар жұмыс істейді», дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН