Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018

Ел дамуының негізі

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының биылғы Жол­дауы – еліміздің өркен­деу жолын­­­дағы бұған дейінгі ұсы­ны­­лып, жүзеге асырылып жат­қан қарқынды реформа­лар­дың заң­ды жалғасы.

Ел дамуының негізі

Еліміз өзінің тәуелсіздік ал­ған­нан бері 26 жылдық даму кезеңіне абыроймен өтіп, халық­арлық аренада биік білес­тер­ді бағындырды. Өзінің эконо­ми­ка­лық даму қарқынын алдың­ғы қа­тарлы озық елдердің қат­а­ры­на қо­сылуымен дәлелдеді. Ел­ба­сы талдап көр­сет­­кендей, адамзат жаңа өнер­кә­сіп­тік революция дәуіріне аяқ бас­қан тұста мемлекетіміз рухани жаңғыруға берік негіз қалады.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын­дағы басты мәселе, ол – әлемдегі озық отыз елдің қатарында болу. Оған біздің мүмкіндіктеріміз мол, бірақ сол мүмкіндіктерді саналы түрде, сапалы деңгейде іске асыруымыз қажет.

Бүгінде дүниежүзі төртінші өнеркәсіптік революция қар­саңында тұр. Өмірге жаңа тех­ноло­гия – қоғамның көп саласын цифрандыру технологиясы келді. Біз оған дайын болуымыз керек. Президент атап кеткен он негізгі басымдықтардың түйіні – ол цифр­лы технология. Әлем ел­дері де цифрлы технологияға бет алады. Осындай үлкен істе бар мәселені шешетін әрине білікті мамандар екені белгілі. Олай болса Жолдауда мұғалімдердің жұ­мы­сы, ұстаз­дар­­­дың мәртебесін көтеру жа­йы ерекше аталды. Шы­­нында еліміздің болашағын ж­а­сай­­тын мамандардың бәрі мұға­лім­­нің, ұстаздың қолыннан өтеді. Олай болса, ұстазға деген құрмет – ел дамуының кепілі.

Осы уақытқа дейінгі жетіс­тік­теріміз бен табыстарымыздың негізі – басты құндылықтарымыз – бейбітшілік, ұлтаралық және конфессиялық келісім. Келешекте де Елбасы Н.Назарбаевтың бас­шылығының арқасында елі­міз жоғарыда көрсетілген құн­ды­лықтарға сүйене отырып дами беретініне күмән жоқ. Өйткені Елбасы қиын кезең­­дерде тура жол тауып, ел дамуына арналған жос­парлар мен реформаларды тиім­ді жүргізгенінің нәтижесін­­де Қазақ­станды әлемге танытты, басқа­ларға мойындатты. Олай болса, біздер Қазақстан халқы Ассам­­блея­сының барлық мүшелері барша қазақстандықтармен бірге осы Жолдаудың міндеттерін іске асыруға үлкен талпыныспен, ынта-жі­гер­мен кірісуіміз қажет.

Қалқаман ЖАҚЫП,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің профессоры