Кәсіпқой бокс • 30 Қаңтар, 2018

Шүменов шаршы алаңға қайта шығады

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде кәсіби бокстан Қазақстаннан шыққан тұңғыш екі салмақ бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің баспасөз мәслихаты өтті. 

Шүменов шаршы алаңға қайта шығады

Бейбіт жартылай ауыр салмақта WBA super және бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белдігін жеңіп алғаннан кейін, жарақатына байланысты спорттан кеткен болатын. Бүгін ол кәсіби мансабын қайта жалғастыратынын айтты. 

Сондай ақ ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында промоутерлік лицензиясы бар жалғыз шетелдік боксер саналады. Оның KZ Event Productions, Inc. Промоутерлік компа­ниясының Showtime, ESPN, Fox Sports Network, NBC Sports арналарымен алдын ала келісімдері бар. Сондықтан осы мүм­кіндіктерді пайдалана отырып, ол өзінің кәсіби мансабын жалғастыратынын және отандық боксшыларды тек Қазақстанда ғана емес, әлемде барынша қолдайтынын жеткізді. Ол сондай-ақ әзірше келесі қарсыласының есі­мі белгісіз екенін, бірақ ке­ліссөздер жүргізіліп жат­қанын айтты. Бейбіт Шү­менов Oscar De La Hoya басқаратын Golden Boy Promotionsпен жақын арада жұмыс жасайтынын жеткізді. 

Сонымен қатар Бейбіт Шүменов алдағы уақытта спорт мектебін ашуды жос­парлап отыр­ғанын жеткізді.

«Біз бұл мектеп­те жас балаларды бокс­қа бейім­деп, әуес­қой­лардан бастап, кәсіби дең­гей­дегі­лерге де көмек­тесіп, еліміздің беделін арт­ты­рып, көк туын биік­те жел­біретуді мақсат тұта­мыз», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»