Аймақтар • 30 Қаңтар, 2018

Қарағандыда көне кітаптар көрмеге қойылды

1518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда сирек кездесетін кітаптар көрмесі ұйымдас­тырылды. Абай атындағы балалар кітап­ханасының қызмет­керлері қорда жатқан 30-ға тарта көне кітапты жұрт назарына ұсынды. Бұл фолианттардың барлығы да бұдан 100 жыл бұрын баспадан шыққан екен. 

Қарағандыда көне кітаптар көрмеге қойылды

Кітаптардың ішіндегі ең көнесі – әйгілі орыс ақыны Лер­мон­товтың жинағы болып шықты. Туынды 1882 жылы рефор­маға дейінгі орыс тілінде жарық кө­ріпті.

Мамандардың айтуынша, сирек кездесетін бұл кітаптар өте аз тиражбен шыққан және олардың көбі сыйға тартуға ар­налған эк­зем­пляр екен. Қазіргі уа­қыт­та архивариустар бұл кітап­тардың кеншілер астанасын­да па­йда болу тарихын зерттеу үстінде. Бір белгілісі – кітаптар кітапханаға жеке қорлар арқылы тапсырылған.

Абай атындағы балалар кітап­ха­на­сының әдіс­кері Ма­рина Подгай­но­ваның айтуынша, кейбір кітаптардың мұқабасынан отбасылық аты-жөндер жазбасы табылған. Қа­зір­гі таңда кітапхана қыз­мет­керлері раритет кітап­тар мен зұлмат жыл­дары Қарағанды облысы аума­ғына жер аударылған қу­ғын-сүргін құрбандары арасын­да қаншалықты байланыс бол­ғанын анықтауға кіріскен.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ