Құрғақ сөз, жалаң статистика

Қазір ел өңірлері мен аймақтары өткен жылдың әлеуметтік-эко­но­микалық даму қорытындыларына талдау жасап, биылғы жылға жаңа межелер мен міндеттер белгілеу үстінде. Осындай бағыттағы басқосу өткен аптада Ақтөбе облыстық әкімдігінде де өткізілді.  

Егемен Қазақстан
01.02.2018 10874
2

Кеңейтілген отырыста бірін­ші болып облыс әкімінің эко­номикалық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Асқар Биахметов есеп берді. Ол облыс активі алдына шыққаннан кейін өңір экономикасының бүгінгі жай-күйі, келешек келбеті ту­ралы талдаулар мен сараптама­лар, салыстырулар жасаудың орнына, көпшілікке бұрыннан белгілі деректерді қағаздан бас алмай, бірінен соң бірін тізіп ала жөнелді. Әлбетте, тыңдалмаса, көпшіліктің көңілін аудармаса, сөз жетім емес пе?! Қаптаған цифрлар өңір экономикасының тамыр соғысын білдіре ала ма?! Экономика кураторы өңірге тар­тылатын инвестициялық қара­ жаттың басты бөлігі мен мүм­кіндіктерін және бюджеттің кіріс көздерін жан-жақты тарқатып берген жағдайда ұтымдылық пен ұтқырлыққа жол аша алар еді. Өкінішке қарай, олай болмады. А.Биахметов қаржы институтта­рымен байланыс, олардан тарты­латын қаражат көлемі туралы да ештеңе айта алмады.

Жыл қорытындысындағы кейбір деректерге көз салсақ, облыста мерзімінде төленбеген салық мөлшері көбейіп бара жатқаны байқалады. Сондайақ бюджетке түсетін қосымша салық мөлшерін өсіру ісінде де кідірістер бар. Бұл жайттар кеңейтілген отырыс барысын­да да айтылды. Өткен жылы газетімізде Ақтөбе аймағындағы тұрып қалған кәсіпорындар жө­нінде сараптамалық мақала жарияланған болатын. Содан бері оны сауықтыру мен қалпына келтіру жөнінде нақты істер қолға алынғанынан да хабар­дармыз. Жылдың экономикалық есебіне кіретін мәселенің бірі де осы болса керек-ті. Сондай-ақ өткен жыл ішіндегі әлеуметтік экономикалық даму қорытын­дылары бойынша сөз қозғаған кезде өңірдегі агломерациялық даму деңгейі мен бағыттары туралы айтылмай қалса, қазақ әдебиетінің ақсақалы Шерхан Мұртаза айтқандай «бір кем дүние» болып шығады.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алқа мәжі­лісі үстінде орынды атап көр­сеткендей, оның жұмысшы органы Үкімет те, министрліктер де немесе орталықтағы өзге де басқарушы буындар емес, нақты осы Ақтөбе облысы әкім­дігінің өзі болып отыр. Ен­деше Ақтөбе агломерациясын дамытуға мүдделі ең бірінші өкілетті тұлғалар жергілікті атқарушы ұйымдар болуы ке­рек. Өз кезегінде бұл іске тікелей жетекшілік жасайтын облыс әкімінің экономика жөніндегі орынбасары А.Биахметовтің тарапынан агломерацияның жайкүйіне қатысты бір ауыз сөз ай­ тылмағанын қалай түсінуге бо­лады?!

Егер өңір басшысы бұған бай­ланысты тиісті толықтырулар жасамағанда, өңірдің экономи­калық дамуының басты индексі мен көрсеткіші сипатындағы кө­кейкесті мәселе жабулы күйінде қалып қояр ма еді. Облыс эконо­микасына негізінен стратегиялық шикізат көздері мен өзге де қазба байлықтарды өндіру, индустрия­ландыруды дамыту және өндіріс пен өнеркәсіпті өркендету сипаты тән болғанымен, Ақтөбе еліміздің аграрлық өңірлері қатарында қала беретіні анық. Сондықтан мұнда тиісті өнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың бүгінгі так­тикасы мен алдағы стратегиясы нақты түрде белгіленуі тиіс.

Осы орайда кеңейтілген алқа мәжілісінде облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік жасайтын орын­ басары Мавр Абдуллин бұл бағытта қолға алынатын бағ­дарламаларға, аймақтағы ауыл шаруашылығы саласында өз шешімін күтіп тұрған істерге терең талдаулар жасайтын шығар деп күткен едік. Бұл үмітіміз де ақтала қоймады. Осы ретте об­лыс әкімдігінің кеңейтілген оты­рысында жоғарыда айтылғандай кейбір жетекшілердің есебі құр­ғақ сөз, жалаң статистика төңі­регінен шыға алмай қалғаны өкінішті-ақ.

 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу