Қазақтың тұңғыш кәсіби балетмейстері Дәурен Әбіров туралы не білеміз?

Несін жасырамыз, кей-кейде баз­бір «білгіштер», «Қазақта би өнері болмаған, оның барлығы кейінгі кезде ойдан шығарылып жатқан дүниелер. Мысалы, «Қаражорға» биі моңғолдардың биі...»,  деп қызыл кеңірдек болып айтысып жатқанына талай рет куә болдық. Сондай кезде менің ойыма ғұлама жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Бiздiң қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн. Менiң байқауымша осы өнерге талпынып жүрген Шара (белгілі биші Шара Жиенқұлова – С.О.) сияқты жастар бар көрiнедi. Одан бiрнәрсе шығатын түрi бар...», деген пікірі еске түсе­ді. Қазақ биі мен балетінің қалып­тасуына, дамуы мен жетілуіне Ш.Жиенқұлованың, Д.Әбіровтің, Ғ.Бейсенованың, О.Всеволодская-Голушкевичтің, Г.Талпақованың, Б.Аюхановтың хореографиялық мектептері үлкен әсер етті.  

Егемен Қазақстан
01.02.2018 2860
2

Бүгінгі әңгіме Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылым­да­рының кандидаты, хореогра­фия профессоры Дәурен Тас­танбекұлы Әбіров туралы бол­мақ. Көпшілік үшін бұл жұм­бақ есім, оны терең біле бер­мейді. Ол бар өмірін қазақ өне­ріне арнаған талантты биші, қазақ­тан шыққан тұңғыш кәсіби балетмейстер.

Абай атындағы опера­ жә­не­­ балет театрында В.Вели­­ка­­нов­тың «Қамбар-На­зым»,­ Е.Брусиловскийдің «Қо­­зы Көрпеш-Баян сұлу», Ғ.Жұ­ба­нованың «Аққанат» ба­леттерін қойған. Биші ретінде А.Аданның «Жизель», П.Чай­ковскийдің «Ақ­қу көлі», Б. Асафьевтің «Бақ­­шасарай бұр­қағы» және т.б.­ балеттерде же­текші партия­ларды билеген. Сондай-ақ «Қа­мар­ сұлу», «Ай­сұлу» операларына және де басқа көптеген концерттер­ге билер қойған. А.Гла­зунов­тың «Раймонда», Т.Ме­ли­ков­тің «Фархад-Шы­рын», Ф.Яруллиннің «Шурале», Е. ­Бру­­силовскийдің «Дударай», «Қыз Жібек» және «Жалбыр», М.Төле­баевтың «Біржан-Сара» т.б. классикалық балеттерін са­х­на­ға бейімдеген. Одан бас­қа «Девушка-джигит», «Біз­дің сүйікті дәрігер» («Наш милый доктор») кино­фильм­деріне, Қазақ мемле­кет­тік­ фи­лармониясының әр­тіс­те­ріне көптеген жаңа билер қойды. «Қазақконцерт» бір­лес­ті­гін­де де біраз жыл бас балетмейс­тер қызметінде жүріп, Қазақ­станның әр өңірінен 18 халық хореографиялық ансам­блін құр­ды. 1980-1982 жылдары Йе­мен Араб Республикасында ең­бек етіп, онда алғашқы ұлт­тық кәсіби би ансамблін ұйым­дастырды.

Өнерсүйер қауымға жақсы та­ныс қызылордалық «Сыр сұ­луы» ән-би ансамблінің не­гізін қаласқандардың бірі де биші Дәурен Әбіров болатын. Ол жа­лықпай ауыл-ауыл­ды аралап, «Сыр сұлуы» ансамблінің құрамына өнерлі жастарды жинайды. «Өнерлі жанның өрісі кең» деген емес пе? Ба­ғы жанғандары ансамбльге қабыл­данады.

Өнер саласында еңбек ете жү­ріп Д.Әбіров 1979 жылы «Қа­зақ биінің кәсіби сахнада қалып­тасуы мен дамуы» туралы кандидаттық диссертация қорғады. Қазақтың би өнері жайлы зерттеу жұмыстарын жүр­гізіп, бірнеше монография (Ә.Исмайловпен бірге «Қазақ­тың халық билері», 1961; «Ис­то­рия казахского танца». – Ал­маты: Санат, 1997 және т.б.) жаз­ды. Би өнері саңлағының ол еңбектері бүгіндері хореогра­фия өнерімен айналысып жүр­ген жастарға оқулық ретінде пай­даланылуда.

Дәурен Әбіровтің еліміздің хорео­графия өнерінің қалып­тасуына, дамуына қосқан үле­сі ұлан-ғайыр. Оның еңбек жолын зерттеп, қазақ би өнерін дамытуға қосқан үлесі жайлы көптеген еңбектер жазылып, ғылыми диссертациялар қорғалды. Оның есімі бірнеше ЖОО хореографиялық залдарына берілді. Шәкірттері әртүрлі дәрежеде байқаулар өткізуде. Балетмейстер қалып­тастырған би мектебінің түлектері тек Қазақстанда ғана емес, шет- елдердің де биік сахналарынан өнер көрсетіп жүр. Өмір, өнер сабақтастығы деген, сірә, осы болар...

«Дәурен Әбіров – қазақ хорео­г­рафиясының жарқын құ­былысы. Ол орыс және ке­ңес хореография өнерінің дәс­түрлеріне сүйеніп қоймай, өз хал­қының мәдениетімен, тарихымен және бүгінгі тыныс-тіршілігімен тығыз байланыс­та болды. Оның туындылары қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін же­тік білуімен ерекшеленіп тұр­ды. Дәурен Әбіров қазақ биін жаңа тақырыптармен, бей­нелермен байытып, қазақ биі­нің шеңберін кеңейтті, әрі қазіргі ұлттық-сах­налық бидің негіздерін да­­мытып, шығар­машылық із­де­ністе болып, ұлт­тық хо­рео­графиялық өнердің кә­сі­би жанр­­ларына көп жаңалық ен­гіз­ді. Д.Әбіровтің мейлінше қа­ра­­пайым халық өмірінің ха­лық ортасынан шыққан, шы­найылығымен әркімнің жүре­гіне жақын, жанына жайлы те­рең түсінікті билерінің бірі – «Қош­тасу» (немесе «Бес қыз»). Жас ұрпақты ұлттық рухта тәр­­бие­леуде бұл би үлкен рөл ат­қарып келеді. Д.Әбіровтің қазақ қыздарының әсем, екпін­ді қимылдарын көрсеткен қо­йы­лымы – «Алтынай» күй ырғағына негізделген «Алты­най» биі... «Ата толғауы» биі Н.Ті­лендиевтің «Ата толғау» күйі­не негізделген. Лирикалық қыз­дар биі. Би – халықтың тұр­мыс-тіршілігін бейнелейді. Би­шілердің қолдарында – Аса таяқ аспабы. Музыка ыр­­­­ға­­ғымен соғып әсем қи­мыл қозғалыстар жасайды», – деп жазады өнертану ғылым­дарының кандидаты, доцент Қарлығаш Айтқалиева өзінің «Балетмейстер Дәурен Әбіровтің шығармашылық мұрасы» (Алматы, 2007) атты еңбегінде.

«...Қазақ биін Ш.Жиен­құлованың, Д.Әбіров­тің, Ғ.Бей­сенованың, О.Всево­лод­ская-Го­лушкевичтің мекте­бі, әдісі деп арнайы оқытса, қа­зір­гі қазақ биінде бір жаңалық бо­лар еді. Түйіндеп айтқанда, қазіргі қазақ биі өте жақсы қар­қынмен өркендеп келеді. Өкі­нішке қарай, Шара апамыз бен Дәурен ағамыздың қа­­лып­тастырған би мектебін жалғастыратын хорео­графтарымыз әрине, саусақпен санар­лықтай. «Алтын қордағы» ұлт­тық билерді қазақ биін оқыту про­цесінде жүйелі пайдалану өте маңызды. Бұл шығармалар қа­зіргі қазақ биінің дамуына то­лық мүмкіндік береді», деп ой түйеді Қ.Айтқалиева.

Қазақ биін әлемге таныту хорео­­­графтардың қазіргі бас­ты мақсат­тарының бірі болуы керек. Ал Дәурен ағаның тәлі­мі халқына керек өнер, ол ұлтымыздың мақтанышына ай­на­лған талантты тұлға. Дәурен ағадай өнер иесі, балетмейс­тер ілуде біреу! Ол – қазақ би өнерінің бірегей тұлғасы. Сон­дай жандарды қадірлеп, пір тұтпасақ, болашаққа не деп барамыз?! Д.Әбіровтің өнегелі өмір жолынан, атқарған қыруар еңбегінен кейінгі жастар үлгі алуы керек. Ол – елге, халыққа адал қызмет етудің үлгісін көр­сетіп кеткен ерекше жан. Өнер­ді қадірлейтін халқы барда, Дәурен Әбіровтің есімі ұмы­тылмауы керек.

Әңгімені түйіндей келгенде, оның туған өңірінің азаматтары қолдап, Қордай ауылының бір көшесіне, аудандық Мә­де­ниет үйіне есімін берсе артық болмас еді. Ол оған әб­ден лайық өнер саңлағы. «Ер­­дің атын ел шығарады, ел­дің атын ер шығарады» деп халық бекер айтпаған болар, сірә. Қазіргі көпшілік қолдап отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оған дәлел емес пе? Ендеше артында өл­мейтұғын өнері қалған, ел мақтанышына айналған қазақ­тың тұңғыш балетмейстері Дәурен Әбіровтің есімін көп­шілік біліп жүргені абзал.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу