Парламент • 02 Ақпан, 2018

Сенат комитетінің мүшелері ғарыштық байланыс орталығының жұмысын көрді

348 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Сенаттағы Халық­ара­лық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік коми­тетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері Ақкөлдегі «Республикалық ғарыш­тық байланыс орталы­ғында» болып, мекеменің жай-күйімен танысты.

Сенат комитетінің мүшелері ғарыштық байланыс орталығының жұмысын көрді

Астанадан 100 шақырым қашықта орналасқан «KazSat» сериясындағы ғарыш аппараттарын үздіксіз басқаруға, бақылауға және белгіленген техникалық және ұшу көрсеткіштерін ұстап отыруға арналған бұл орталық 2005 жылы пайдалануға берілген. Сенаторлар алдымен бөлімдерді аралап кешеннің техникалық жабдықталуын тамашалады. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы мамандарының кәсіби даярлық деңгейімен танысты. Шара аясында ұшуды басқару орта­лығы мен «KazSat-2», «KazSat-3» ғарыш аппараттары­мен байланысқа мониторинг жүр­гізу орталығының техника­лық жаб­дықталу жағдайы талқыланды. 

Сондай-ақ орталықтың мәжі­ліс залында ұйымдас­тырыл­ған дөңгелек үстелде қазіргі кезде елімізде мемлекеттің бекі­тіл­ген байланыс арналарына қажеттілігін толықтай қанағат­тандыруға қабілетті «KazSat» толыққанды ғарыштық байланыс жүйесі құрылып, тиімді пайдаланылып жатқаны айтылды. Жиынға төрағалық еткен Дариға Назарбаева өз сөзінде кешен қызметін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы­мен өзара үйлестіре отырып, маңызды жобаларды қолға алу қажет­тігін айтты. Сонымен қатар «РҒБО» АҚ алдындағы цифр­лан­­дыру және ақпараттық-комму­ни­кациялық технологияла­рды қам­тамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді де нақтылады.

Отырысқа қатысушылар­ды кешеннің тыныс-тіршілігі мен тиімділігі тұрғысынан хабардар еткен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин мен Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер мен вице-президент Бауыржан Құдабаев депутаттардың сауалдарына жауап берді. 

Жылдың алғашқы күніндегі жағдай бойынша «KazSat» серия­лы екі ғарыш аппараттары­ның сыйым­дылығының орташа жүк­теуі 70 пайызды құрағанын сөз еткен В.Лефтер бұл әлемдік тәжірибеде жақ­сы көр­сеткіш болып табылатын­ды­ғын алға тартты. «Өйткені әр­бір ғарыш аппаратын коммер­ция­лық жүктеу әдетте барлық ре­сурс­тың 75-80 пайызынан аспай­ды. «KazSat» ғарыштық спут­никтік байланыс (ҒСБ) пай­да­лан­ған уақыттан бастап қыз­меттер импортын алмастыруды 34 млрд теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті», деді В.Лефтер.

Оның түсіндіруінше, бүгінде «РҒБО» АҚ қолданыстағы спут­ник­тік байланыс желілерінің үз­дік­­с­із жұмыс жасауы мен оларды одан әрі дамыту мақсатында «KazSat» байланыс және хабар тарату спутниктерінің қазақ­стан­дық ұлт­тық топтамасын көбей­ту бо­йынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 
Айта кетейік, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып табылады және 14 жылдан бері телекоммуникациялық операторларды, ұлттық компания­лар­ды және холдингтерді, мемле­кет­тік органдар мен жеке ұйымдар­­ды цифрлы телерадио хабар тара­ту, Интернет желісіне кең жолақ­ты қолжетімділік, деректер­ді беру және корпора­тивтік спутниктік байланыс желілері қызметтерін ұсыну үшін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп келеді. Ал «KazSat» ҒСБ екі «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс және хабар тарату аппараттарынан тұрады. «KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылы 16 шілдеде геостационарлық орбитаға ұшырылса, «KazSat-3» ғарыш аппараты 2014 жылдың 28 сәуірінде ұшырылды. Екі спутник те бір-бірінен ешбір кем емес, есесіне кейбір техника­лық параметрлер бойынша шетелдік ғарыш аппараттарынан асып түседі. Бүгінге дейін бұл екі жоба өзін-өзі толық ақтады және қазіргі күні тек әлеуметтік-эко­но­микалық пайда ғана емес, сон­дай-ақ бірқатар мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етуде. Мысалы, транспондерлік сыйымдылықты жалдау бойын­ша қызметтер импортының көлемін азайту, еліміздің ақпарат­тық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, бекі­тіл­ген спутниктік байланыс арна­ларына қажеттілігін қана­ғат­тандыру, цифрлы тең­сіз­дікті жою, сондай-ақ телеком­муни­ка­циялық технологияларды серпінді дамыту сынды жұмыс­тардың реттелуіне жүйелі түрде қатыстырылуда.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»