Аймақтар • 02 Ақпан, 2018

Ақсай қаласында жаңа мектеп ашылды - БҚО

815 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы­ның Ақсай қаласында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Бұл Қарашығанақ кенішінің экологиялық аймағына кіргендіктен тұрғындары көшірілген Березов және Бестау ауылдарының тұр­ғындарына арнайы са­лынған Аралтал шағын ауданында ашылған мектеп.

 

Ақсай қаласында жаңа мектеп ашылды - БҚО

Суретті түсірген Айбатыр НҰРАШ

Ақсай қалалық №8 жалпы­ орта білім беретін мектебі атал­­ған білім ғимаратына былтыр са­лынған 100 үй­лік Аралтал шағын ауда­нының балалары барады. Мек­теп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Мұнда спорт залдары, асхана, зертхана кабинеттері мен шеберхана, сондай-ақ шағын орталық жұмысына арналған арнайы орындар ашылған. 

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов барлық ата-аналар мен мұға­лімдерді, оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтады. 

– Елбасы биылғы Жол­да­уы­ның «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағытында еліміздегі білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, бұл істе озық жүйені қалыптастыру керектігіне тоқтал­ды. Сон­­дай-ақ «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасында да мем­лекеттің алға дамуы тек бі­­лімнің салтанат құруы арқылы ғана мүмкін деп ай­­тылған. Бұл орайда облыс көлемінде атқарылған ау­қымды іс көп. Жыл са­йын білім сапасын көтеру, мұ­ғалімдердің бі­лік­тілігін арттыру бағытында тын­бай жұмыс атқарылып, жа­ңа бі­лім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр, – деді Ғабидолла Оспан­құлов.

Өткен жылы өңірде 24 білім беру нысаны салынса, биыл қаңтар айының өзін­де жаңадан 2 мектеп пай­далануға берілді.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы