Әлем • 02 Ақпан, 2018

Францияда мигранттар арасында жаппай төбелес болды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Кале қаласында ауғандар мен эритрейлер арасында жаппай төбелес болып, ең кемі 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС. 

Францияда мигранттар арасында жаппай төбелес болды

Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, 13 адам темір соққысынан жарақат алды. 

Францияның ІІМ Жерар Коломб Кале қаласына барды. Оның айтуынша, қатыгез қақтығыстан, тіпті, бір адамның жұлынына оқ атылған. 

«Каледегі бұл қатыгез қақтығыс тек қала тұрғындарына емес, мигранттарға да қиынға соқты», - деді министр.

Төбелес тамақ алуға кезекте тұрған мигранттар арасында басталып, 2 сағатқа созылған. Оған 100-ден астам эритрей мен 30-ға жуық ауған қатысқан.