Әлем • 02 Ақпан, 2018

Суға батқан босқындар

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ-ның көші-қон агенттігі Ливия жағалауында тоқсан мигранттың суға батып кеткен болуы мүмкін деп хабарлады. Зардап шеккен үш куәгердің айтуынша, суға батып кеткендердің көпшілігі Пәкістан азаматтары болған.

Суға батқан босқындар

Ливия бірнеше жылдан бері Оңтүстік Еуропаға теңіз арқылы жетуге тырысатын мигранттар үшін маңызды транзиттік маршрут болып табылады.

Бірақ өткен жылы Италияға келетін мигранттар мен босқындар өлімін тоқтату үшін құтқарушылар мен күзет қызметін қолдану мәселесі Еуропалық Одақта көп пікірталас тудырған болатын. Олардың айтуынша, Пәкістандықтар әрқашан Италияға жету үшін көп қауіптерге жолығады.

Халықаралық Миграция Ұйымының хабарлауынша, былтыр пәкістандықтар Еуропаға келетін мигранттар арасында 13-ші орында тұрса, биыл олардың олардың саны күрт артып, 3-ші орынға жеткен.

Жалпы айтқанда, миграция ұйымы биыл Еуропаға 6 624 мигранттың теңіз арқылы келгенін хабарлады. Ал былтыр осы уақыт аралығындағы көрсеткіш 5 983 болды. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 246 мигрант өлген немесе жоғалған адамдар қатарында.

Кемедегі ливиялықтар

Сонымен қатар, BBC-дің Солтүстік Африкадағы тілшісі Рана Джавад сол кеме апатында болған адамдар арасында ливиялықтардың болғанын хабарлады.

Зивара қаласының қауіпсіздік басқармасыны Фейсбук парақшасында ливиялық әйелдің суға батып кеткені және тірі қалған үш адамның екеуі ливиялық екенін жазды. Негізінен ливиялықтар Еуропаға жету үшін кемені аз қолдануға тырысады.

Еуроодақтың Фронтекс шекаралық агенттігінің хабарлауынша, мигранттар арасындағы болған қайғылы жағдай бейсенбі күні жүзеге асырылған Themis операциясының нәтижесінде белгілі болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар